Сати Казанова миллиардермен болған қарым-қатынасы туралы айтты

Ол әрекетін рухани заңдар мен энергия алмасу принциптерін білмегендіктен көреді

Мәди Саматұлы

  • 14.12.2024

Ресейлік әнші Сати Казанова албырт кезінде миллиардердің әйелі болып кете жаздағанын айтты. Starhit.ru сайтына берген сұхбатында ол өзінің 23 жасында жіберген қателігін мойындап, ол кездерде өмір мен карманың заңдарын түсінбегенін айтып, өкінішін білдірген, деп хабарлайды Malim.kz.

Өз сөзінде Сати қарым-қатынас барысында заңсыз немесе күнәлі әрекет жасап жатқанын сезінбегенін мойындаған. Себебі, ол рухани заңдар мен энергия алмасу принциптерін білмеген.

Егер сол кезде бүгінгідей ересек ақылым болғанда, әрине, мұндай қарым-қатынастар болмас еді. 23 жасымда мен өмірдің, карманың заңдарын білмейтінмін. Ол кезде жасөспірімдік максимализм де болды... Біреуге ауыртпалық әкелуі мүмкін деп ойламаппын, дейді ол өз сөзінде.

Оның айтуынша, ол шығыстекті адам. Тіпті «оның әйелі бола аламын» деген ойын жасырмайды.

Сол қарым-қатынаста ешқандай қорқынышты немесе күнәлі іс жасап жатқандай сезінбедім, өйткені ешқандай заңдарды білмейтінмін. Кейін бәрін зерттеп, энергия алмасу заңдарының бар екенін түсіндім. Сөйтіп, оның ережелерін бұзғанымды ұқтым, өйткені неке – құпия қасиет. Мені ұзақ уақыт бойы көндіргенімен, соңында мен келістім. Егер барлығын алдын ала білгенімде, тіпті сол гормондарға толы 23 жасымда да ондайға жол бермес едім, дейді Сати Казанова.

Айта кетейік, бұған дейін ол YouTube-арнаға берген сұхбатында Тимур Құлыбаевпен болған қарым-қатынасы жайында ашып айтқан еді. 

Фото: instagram/satikazanova

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов "31" медиахолдингін сатты

02.10.2024

Цукербергтің байлығы Metaverse іске қосылған соң 6 есе өсті – Bloomberg

29.09.2024

Иракта бір жыныстылар қарым-қатынасы үшін жазаланатын болады

29.04.2024

«Ол өтірік!»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрдің сотта айтқан сөзін жоққа шығарды

02.04.2024
MalimBlocks
Қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов "31" медиахолдингін сатты

Цукербергтің байлығы Metaverse іске қосылған соң 6 есе өсті – Bloomberg

Қазір Metaverse акциялары рекордты бағада сатылып жатыр

Иракта бір жыныстылар қарым-қатынасы үшін жазаланатын болады

Олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады.

«Ол өтірік!»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-министрдің сотта айтқан сөзін жоққа шығарды

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның сотта айтқан сөзін жоққа шығарып, Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы жақсы болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.