«Сұрап алдым». Тұрсынбек Қабатов Қайрат пен Әбдіжаппардың басына түскен жағдайды түсіндірді

Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түсіп, өнер иелерінің мұндай жағдайға тап болғанын әркім әртүрлі болжады.

Сабина Асқарқызы

  • 11.07.2024

Өткен аптада өнер қайраткерлері Тұрсынбек Қабатовтан бастап, әнші Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа үшеуі қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жазаланғаны белгілі. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыға түсіп, өнер иелерінің мұндай жағдайға тап болғанын әркім әртүрлі болжады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қамаудан шыққан әзілкеш Қабатов Астанада дүйім жұрттың алдында концерт беріп, 5 күн демалып әрі концертке тыңғылықты дайындалғанын айтқан еді. Ол өзге әріптестері туралы да сөз қозғады.

Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп, демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау, 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негзі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдап жатыр. Жігіттер демалып жатыр, - деді Қабатов. 

Фото: Видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

03.05.2025

TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

27.04.2025

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды

24.04.2025
MalimBlocks
Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Кімдер мерзімінен бұрын бостандыққа шығады?

TikTok-та жер сілкінісін болжаған астролог қамауға алынды

Мұрат Әбділда қамауға қайта алынды