Жанар Айжанова күйеу баласының шашын сынайтындарға жауап берді

Өнер иесі қызының бақытты болғанын қалайтынын жасырмады

Сабина Асқарқызы

  • 11.03.2025

Танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұлдыздың тойына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі қызының бақытты болғанын қалайтынын жасырмады. 

Күйеу баланың анасы дүниеден өтіп, сондай жағдай болып жатыр. Осы күнге дейін балалардың тірлігіне араласқан емеспін. Бәрін өздері шешеді. Екеуінің де жасы 30-дан асты. Оқыған, көзі ашық ересек адамдар. Табыстары да бар. Өз ісінің мамандары. Клубта қаңғырып жүрген жоқ. Күйеу балам Сәкенге де ақырындап бауыр басып келемін, – деді әнші.

Одан кейін болашақ күйеу баласының сыртқы келбетіне тиісетіндерге де ескерту жасады. 

Сәкеннің шашын көріп, халық “Дударбас” деп мазақтайды. Әңгіме қылып, күледі. Маған соның шашының бұйралығы ұнайды. Айжұлдыз бейсаналы түрде осы жігітті өзінің жағына ұқсатып таңдаған. Менің енемнің шашы саусақ кірмейтін тасбұйра болды. Қайынсіңлілерімнің де шашы сондай. Назар аумаған – Айжұлдыздың әкесі. Назар жасқа толғанда 90 жастағы енем келіп, “Өлгенім тірілгендей күйде отырмын. Адайбектің көшірмесі екен” деді. Қан тартып, жібермейді екен, – деді өнер иесі. 

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

«Иықтарыңды сілкіп, қақшаңдап жүріңдер»: Жанар Айжанова жастарға үндеу жасады

29.04.2025

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

25.04.2025

Сәкен Майғазиев ұлының үйленетінін әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты

11.04.2025

«Қазақ – дана халық». Жанар Айжанова сынған саусағын өзі емдеп алғанын айтты

10.04.2025

Сәкен Қағаров пен Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойы қашан өтетіні анықталды

20.03.2025

Жанар Айжанова: «Қыздан туған бала немере емес» дегенге келіспеймін

10.03.2025
MalimBlocks
«Иықтарыңды сілкіп, қақшаңдап жүріңдер»: Жанар Айжанова жастарға үндеу жасады

Әнші жастық шақтың қадірін білу керегін айтты

Айжұлдыз Адайбекова ұзатылды

Актриса образымен ерекшеленді.

Сәкен Майғазиев ұлының үйленетінін әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты

Өнер иесін туыстары құттықтап жатқан көрінеді.

«Қазақ – дана халық». Жанар Айжанова сынған саусағын өзі емдеп алғанын айтты

Оның саусағын дәрігерлер емдей алмаған көрінеді.

Сәкен Қағаров пен Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойы қашан өтетіні анықталды

Бұл туралы Сәкен Қағаровтың өзі айтқан.

Жанар Айжанова: «Қыздан туған бала немере емес» дегенге келіспеймін