500 ғалым "Болашақ" бойынша ғылыми тағылымдамадан өте алады

Malim Админ

  • 22.04.2021

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ жетекшілігі 2021 жылы "Болашақ" халықаралық шәкіртақысына қандай өзгеріс енгізілгенін баяндады. Сол өзгерістердің бірі  – биылдан бастап еліміздің 500 ғалымы әлемнің ең үздік ғылыми  орталықтарында "Болашақ" бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде білім және ғылым министрі Мирас Дәуленов пен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова баяндап берді, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Білім және ғылым министрі Мирас Дәуленовтің айтуынша, шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссия 12 сәуір күні өткен отырыста тағылымдама категорияларын бекіткен. Биылдан бастап ғалымдар жеке категорияға жатқызылып, оларға 500 тағылымдама үшін 500 шәкіртақы бөлінетін болды.

"Әлемнің ең үздік ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 500 ғалымға шәкіртақы беріледі. Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды дамыту бойынша берілген тапсырмасы аясында жасалып отыр. Тағылымдама 9-12 айға созылады. Бірақ тағылымдама бағдарламасы алдын ала дайындалып бекітіледі. Яғни ғалым шетелге белгілі бір дағды мен біліктілікті арттырып қана қоймай, өзі баратын орталық базасында тағылымдама бағдарламасын меңгеріп, сол орталық базасында  емтихан тапсырады. Осыған байланысты тағылымдаманың форматын жасап шықтық. Оны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияға ұсынды, комиссия мақұлдады. Осы өзгеріс ғалымдарға заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтарға қол жеткізуді ғана емес, шетелдің ғалымдарымен бірігіп ғылыми зерттеу жасауға, басқа да жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді", - деді білім және ғылым министрінің орынбасары Мирас Дәуленов.

Ал "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның жетекшісі Айнұр Кәрібозова "Болашақ" бағдарламасы аясында ғалымдарға ғылыми тағылымадан өтуге шәкіртақы беру елдегі ғылымның әлеуетін арттырып, ғылымның дамуына үлес қосатынын мәлімдеді. Себебі шетелде тағылымдамадан өтетін ғалымдарға сол оқу орындарындағы оқу материалдары мен ғылыми базаларды ғана емес, заманауи зертхана мен құрал-жабдықтарды пайдаланып, тәжірибе жинап, ғылыми жұмыстарын дамыта алады. 

Фото: ©Білімді Ел - Образованная страна

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін