457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

6 миллиондық той: Наурызбай ауданы әкімдігіне пандемия әсер етпей ме?

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты коронавирус пандемиясы өршіп тұрған уақытта 6 миллион теңгеге наурыз мейрамын тойламақ.

2021 ж. 03.16 күні мемлекеттік сатып алулар порталында Наурызбай ауданы әкімінің апараты наурыз мейрамын өткізу үшін 6 250 000 теңгеге тендер жариялағаны көрсетілген хабарландыру ілінген. Тендерге өтініш қабылдау 2021.03.16 күні басталып, 2021.03.26 күн аяқталады. Яғни өтініш қабылдау бүгін кешкі сағат 17: 01-де тоқтатылады.

39052823-ОК2 лоттың сатып алынатын қызметтің техникалық ерекшелігі жөніндегі хаттамада тендерді ұтып алған тарапқы 250 минуттық концерттік бағдарлама, 1 минуттық бейнеролик, 1000 адамға жететіндей наурыз көже және т. б дайындау міндеттері жүктелген. Бұдан бөлек, ұйымдастырушыларға мерекелік іс-шараға Наурызбай ауданының 2000 азаматының қатысуын қамтамасыз ету қажет деген де талап қойылған.

6 миллион теңгеге наурыз мерекесін тойлауы Шымкенттегі көктем мейрамына жұмсалған 572  миллион теңге қаржымен салыстырғанда «көлге тамған тамшыдай» екені түсінікті. Бірақ коронавирустың өршуіне байланысты Алматыда сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлар жабылып, қоғамдық көліктер сенбі-жексенбі күндері қысқартылған графикте жұмыс істеп жатқан уақытта Наурызбай ауданы әкімдігінің той тойлауыға дайындалуы түсініксіз. Бір біріңмен екі метр қашықтан араласыңдар деген атқамінерлер, енді 2000 адам жинап, тегін көже таратпақшы...