Әкім ханым дән еккенімен, диқандар су таппай жатыр

Malim Админ

  • 28.05.2020

Қызылордада 200 гектар күріш алқабы құстың жеміне айналды. Сәуір айында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА «Дала күні» шарасында алқапқа алғаш дән сеуіп, күріш егу науқанын бастап берген еді. Енді айналдырған екі жүз гектар егістік жерге  су жіберуге шамасы жетпей отыр ма? Айтпақшы, егістікке жақын жүретін әкім ханым 16 мамыр күні ғана Қармақшыға жұмыс сапарымен барған болатын. Диқандар мәселесін қалай ғана естімеді екен?

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Алдашбай Ахун ауылының шаруалары еккен егініміз қуаң далаға айналды деп жан ұшырып жүр. Әкімдік рұқсат еткесін ауыл тұрғындары  бірлесіп демеуші тауып, екі қолға бір күрек алып ерте көктемде 170 гектар аумаққа күріш еккен. Бірақ мамандардың суды жөнді  жібермегенінен биыл әбден шығынға батқалы тұрмыз деп күйінеді.

Аптап ыстыққа қарамай атызға тартылған арықтарды қанша тереңдеткенімізбен  алқапқа тіршілік нәрінің тамшысы да келер емес дейді шаруалар. Өйткені су арнаның тек табанында ғана ағып жатыр. Салдарынан Алдашбай Ахун ауылындағы 136 тұрғынның жер үлесіндегі егістік құрғап тұр. Шөлге айналған егін алқабының қызығын қазір құстар көріп жатыр дейді шаруашылықтың төрағасы.

«40 гектардан ғана өнім болады деп отырмыз. Ар жағындағы 100 гектар желге ұшты. Онда да 40 гектар тек су берілсе ғана болады. Бүгін міне 9 күн болды су жоқ. Оның бәрін кептерлер, қарғалар жеп жатыр. Оның бәрі шығын болып есептеледі», - дейді «Майлыөзек» ЖШС төрағасы Жұмабек ШАЙМАНОВ.

Тұрғындардың айтуынша көрші ауылға тиесілі екі мың гектар егін даласында судан тапшылық жоқ. Шаруаларды ашындырғаны да осы.  Сырдария өзенінің  жағасында отырған ел түптеп келгенде суға сараңдық танытып отырған мамандардың өздері деп күйінеді.

«2 мың гектар жердің суы шалқып жатыр. Ал бізде тобықтан келетін сумен 200 гектар жерге су ала алмай отырмыз. Бұл суды бөлудегі әділетсіздік. Сол мына водхозбен шаруашылықтың әділетсіздігін аудан әкімі шеше алмай отыр», - дейді ауыл тұрғыны Сахи ШЕГЕБАЕВ.

Егін алқабын айтпағанда, ауыл ішінде бақша суаруға да судың болмағанына осымен бірнеше жыл болыпты.Мәселені ауыл басшысы түгілі, аудан әкімі де шеше алмай жүргенін айтады.

Бақыт Жаханов

Диқандардың жағдайын өз көзімен көруге келген облыс әкімінің орынбасары Бақыт ЖАХАНОВҚА көпшілік біраз базынасын айтты. Кеңес үкіметі кезінде салынған су ағатын арналар қазіргі жеке шаруалардың егістік көлеміне есептелмегендіктен  су тапшылығы болып жатқанын тұрғындарға түсінідірді әкім Әбдіқалықованың орынбасары. Дегенмен бұл мәселені алдағы санаулы күндерде шешеміз деп уәде етті. Ал Алдашбай Ахун ауылының егіншілері осы айдың соңына дейін егістікті су баспаса биылғы еңбегіміз еш кетеді деп отыр.

Фотолар автордікі

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

26.01.2021

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

20.01.2021

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

15.01.2021

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

13.01.2021

Диплом дауы

29.12.2020
MalimBlocks
Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

«Түрмеде күйеулеріміз тамырларын кесіп жатыр»

Мәдениет және спорт министрлігі Әуезовке мән бермей отыр

Әкімнің қызы президенттен әділдік күтеді

Кішкентай Қазақстан: Мектеп директорына қарсы митинг

Диплом дауы