Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылады

Malim Админ

  • 17.03.2020

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы үкімет жетекшісінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады", ­-  делінген үкімет хабарламасында.

Қазіргі уақытта елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.

19 наурызда сағат 00:00-де енгізілетін шаралар мыналарды қамтиды:

- карантинді енгізу және ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;

- карантин аймағының периметрін белгілеу және оған кіру/одан шығу пункттерін анықтау;

- адамдардың қозғалысын, сондай-ақ көлік құралдарының кіріп/шығуын шектеу;

- үш санат: ауруды жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндегілер санаты бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуіне оңтайлы болуы үшін, азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалар аумағының секторларын және олардың шекараларын анықтау;

- қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату;

- азық-түліктік емес сауда базарларының жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру; - санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану нысандарының жаңа жұмыс режимін белгілеу;

- ХҚКО-ның жұмыс режимін қайта ұйымдастыру;

- карантиндік аймақтардағы халықтың және әрбір сектордың азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары мен алғашқы қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін анықтау;

- карантиндік аймақтың әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша шектеуді ескере отырып, сауда және азық-түлікпен әрі алғашқы қажетті тауарларымен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау;

- ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шаралар.

Фото: liter.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

17.03.2023

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

16.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

15.03.2023

Частные школы просят усилить поддержку правительства

15.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ол өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

Рамазан айы 23 наурызда басталады

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

Частные школы просят усилить поддержку правительства

Ассоциация частных школ Казахстана просит министра просвещения повысить государственную поддержку. Предприниматели предлагают ввести обеспечение коммерческих школ учебниками и методическими материалами, а также просят повышать квалификацию учителей за счет государства. Соответствующие предложения они представили на недавней встрече с главой образовательного ведомства Гани Бейсембаевым.