Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында баланы көлікпен қаққандар ісі сотқа жетті

Сұқбат
Алматы облысында баланы көлікпен қаққандар ісі сотқа жетті

 

Наурыз айының басында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында 54 жастағы жүргізуші мас күйінде 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кеткен еді. Содан үш  қыз аруханаға жатқызылған еді, алайда, өкінішке орай, жарақаты ауыр екі қыздың өмірін дәрігерлер арашалап ала алмады.

Мас күйде көлік жүргізу, жол апатын жасағандарға жазаны қатайту саясатын ұстанған президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарынан тыс қалдырмай, өз бақылауына алған еді.

    Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігімен (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) сотқа дейінгі тергеу басталған еді. Айта кетерлігі аталған баптың ең жоғарғы жазасы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

   Көлік жүргізушісі қамауға алынып, барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп, тергеу процесстік мерзімде аяқталғанын Алматы облыстық прокуратура хабарлады.

    28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданыпты.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу