Алматыда 1000 жас отбасы баспанамен қамтылады

Malim Админ

  • 20.02.2020

Үй десе, пәтер десе көп қазақтың есіне алдымен Алматы оралатын шығар. Өйткені, қала деген түсінікті, пәтер деген проблеманы ауылда жатып-ақ білетін жұрт. Әрине, қалаға ауысу, урбанизациялану деген проецестерге Тәуелсіздік жылдары ғана мықтап көшкен ел одан бұрын қалаға келіп қыдырып қайтпаса, көп жағдайда ауылдық жерлерде тұрып келді. Дегенмен, сол кездің өзінде қалада туысы, досы, баласы тұрмаған отбасы болмаған шығар. Солардың қалада қалай  тұрғанын, кісі есігін сағалап, қалай шаршағанын, тіпті, қорланғанын өз басынан кешпесе де ауыл қазағы жақсы білетін. Өйткені, қаладағы пәтер проблемасы қай заманда да қазақпен бірге келе жатқан проблема. Ертеректе қалада тұрған жұрттың көбін қазір сөйлетсең, қалай көшкенін, тіпті, жалдайтын үй таппай қалай қиналғанын жиі айтады. Совет одағы кезінде идеологияның басты өкілдері саналған жазушы, ақындар негізінен қалада, оның ішінде біз айтып отырған Алматыда тұрды. Сол кездегі ел астанасы болғандықтан ғана емес, мәдени орталық есептелгендіктен. Әдеби орта, мәдени орта Алматы болып есептелді. Міне, сол ақын-жазушылардың жазған кітабының бір қауымы – Алматының тіршілігі болды.  Сол кітаптар арқылы бүкіл Қазақстан Алматы жайлы, ондағы жастар өмірі және пәтер мәселесі туралы біліп, естіп өсті. Содан да шығар, Алматыға алғаш келген жастар міндетті түрде қиналу керек, пәтер жалдау керек сияқты болады да тұрады.

Адамы аз, ауасы таза, көшесі кең кездің өзінде Алматы солай болған. Енді, қазақстандағы нөмірі бірінші мегаполис, тұрғылықты халқы ғана емес, келіп-кетушісі де көбейген үстіне көбейіп жатқан бұл қалада пәтер мәселесі күн тәртібінен ешқашан түсіп көрмеген. Сұраныс жоғары болған соң бағасы да қымбат. Қазіргі тұрғын үй нарығы бойынша бірінші орында тұрған қаланың жастарға көңіл аударуы әсіресе соңғы жылдары қолға алына бастады. Әрине, тегіннен тегін үй беретін уақыт өткен, осыған орай әркімнің жағдайына қарайластырып, жеңілдіктер қарастыру жағына көңіл аударылады. Бұдан бұрын бірнеше жатақханалар салынып, жас-кәрі демей, әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындардың үйге ақша жинауына мүмкіндік беретін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы іске қосылған. 2019 жылдың қаңтарында Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан бас-аяғы 1 млн орындық жатақханалар мен пәтерлер салынуға тиіс болған.

«Үйді кімде жоқ, соларға берейік. Жастарға деп отырғаннан кейін, солар ғой. Үйі жоқтар алсын. Үйі барлар қазір оны арзан бағамен алады да содан кейін арендаға беріп, сол үйден ақша табады. Бүгінде баспанасы жоқтарды қамтуымыз керек. Бұл ең алдымен – жас отбасылар. Егер жас отбасылар жұмыс істейтін болса, әсіресе екеуі бірдей жұмыс істесе онда барлығы баспаналы бола алады. Сол себепті, әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, халықтың көп бөлігін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй бағдарламасын тағы да талдауды тапсырамын. Жарайды, аз болды деп сендерді сынамай-ақ қояйын. Әкімшіліктер халықпен жұмыс істейтін болса, алатындар табылады. Солай ғой? Осыған орай Астана, Алматы, Шымкентте жастарға 1 млн орындық жатақхана жасайтын болсын», деп тапсырма берген сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Содан бері Алматыда жастар мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың пәтер алып жатқаны жайлы сүйіншілі хабырды жиірек еститін болдық. Оның ең басында, әрине, Алматы тұр. 2019 жылы 3162 адам баспанамен қамтамасыз етіліпті. Оның 520-сы көпбалалы отбасы болса, 114-і балалар үйінің түлектері екен. Бұдан бөлек, қолындағы барын өзгенің қалтасына салып бермей, өз үйіне қаржы жинауға мүмкіндік берілген жастар саны – 1050. Бұлардың бәрі жұмыс істейтін, бірақ, пәтерде тұратын отбасылар еді.

Алматы қаласы әкімдігі биыл тағы біраз отбасын баспанамен қамтамасыз етіп, баспана кілтін табыс етпек. Қазіргі әкімдік ұсынған мәлімет бойынша, 2020 жылы 3 810 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оның ішінде 1300-ден астам пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы («Бақытты отбасы бағдарламасы») сатылмақшы.

Әрине, бұл тізімнің ішінде жастар да бар. Бұрын жас отбасылардың жас шегі – 29 болса, былтырдан бері бұл көрсеткіш көтеріле бастағаны белгілі. Алматылық жастардың биылғы бір қуанатыны осы шектеу жасының 35-ке дейін көтерілуі. Бұл кәдімгі несиеге берілетін үйлер. Жеңілдетілген пайыздық үстемемен. Бір жыл ішінде 1000 жас отбасын пәтермен қамтамасыз ететін бұл жаңа бағдарламаның аты – «Алматы жастары 3.0» деп аталады. Наурыз айынан бастап өтініш қабылдауды бастайтын бұл бағдарламадан көптеген жастар құлағдар болып та үлгерді. Ал, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл пәтерлердің максималды бағасы 13 миллионды құрайтынын айтады.

«Біз «Алматы жастары 3.0» деген жаңа бағдарлама әзірледік. Бұл тұрғын үй бағдарламасының бірегейлігі – оның төмен пайыздық мөлшерлемесінде. 13 миллион теңгеге дейінгі несие жылдық 5 пайыздық жеңілдікпен беріледі», - деді ол қала тұрғындары алдындағы есеп беру жиналысында.

Бағдарлама талаптары бойынша, несиені өтеу мерзімі 3 жылдан бастап 25 жылға дейін. Төлем қабілеттілігін ескере отырып есептелетін бұл мерзім де шартты түрде алынған. Жағдайы жеткен отбасылар тез арада төлеп, өз атрына аударып алуына да мүмкіндіктері бар. Әрине, несиенің заңы сол, ерте төлесең, үстемең де азаяды. Бұл үйді иемденудің бір артықшылығы – бастапқы жарнаның төмендетілгені. Осыдан бұрын 7-20-25 бағдарламасы шыққанда алғашқы 20 пайыздық жарнаның өзіне қуанған талай отбасы. Бұл жолғы әкімдіктің қолдауы бұл көрсеткішті 10 пайызға дейін төмендетті. Демек, әкімдік ұсынған ең қымбат үйді иемдену үшін 1 миллион 300 мың теңге көлемінде ақша құясың. Қосымша бір талабы – Алматы қаласында соңғы 2 жыл бойы тұрған, тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелген болуың шарт.

Алматы қалалық әкімдігі бұл бағдарламаға 10 миллиард теңге көлемінде қаржы бөліп отыр. Оған қосымша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 3 миллиард теңге қарастырған. Қатысушылар үйді бастапқы және екінші деңгейлі тұрғын үй бағдарламасы арқылы сатып алуға мүмкіндік алады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев атап айтқандай, бұл мүмкіндікке ие болатын жастар – бюджет саласындағы жас қызметкерлер болуға тиіс. Мұғалімдер, дәрігерлер, университет оқытушылары, мәдениет пен спорт саласындағы мамандар және БАҚ құралдарында істейтін журналистер мен жас ғалымдар.

Айта кету керек, халықты баспанамен қатамасыз етуді қала әкімдігі алдағы уақытта бұдан да ары дамыта түспек. Жоғарыдағы бағдарламадан бөьек, Алматыдағы ескірген үйлер мәселесі де жіті бақылауда болады. Биыл тозығы жеткен 81 үй бұзылып, қалада тұратын 700-дей отбасының үйін жаңарту туралы келісімге қол қойылған.

Жалпы, Алматы еліміздегі ең үлкен мегаполис болғандықтан, ондағы тұрғын үй қоры да ең үлкен екені дау туғызбайды. Қазір Алматыда 8,4 көп пәтерлі тұрын үй қоры бар. Соған қарамастан, тұрғын үйге деген сұраныс жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі уақытта 25 533 Қазақстан азаматы Алматыда пәтер кезегінде тұр. Бұл былтырғымен салыстырғанда 4,5 мың адамға көп. Демек, былтыр пәтермен қамтылғандарды қоса есептегеннің өзінде, тұрғын үйге деген сұраныс өсе түскен. Қалалық әкімдік мұның бәрін бір күнде жауып бере алмайтыны белгілі, дегенмен, соңғы жылдары бұл саладағы әкімдіктің араласуымен баспанаға қол жеткізген отбасылардың көбейе түскенін есепке алсақ, кезекте тұрғандар тізімі азая түсетін шығар деп үміттенеміз.

Байланысты жаналықтар

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

02.12.2024

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

02.12.2024

Алматыда «Еуразия» кинофестивалінің жүлдегерлері марапатталды

01.12.2024

Адам өліміне кінәлі «5:32» сериалының продюсері сотталды

29.11.2024

Алматыда тағы да жер сілкінді

28.11.2024

Доллар құны 500 теңгеден асты

27.11.2024
MalimBlocks
Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің мәйіті табылды

Күдікті ретінде 56 жастағы әйел қамауға алынды

Күн райы. Синоптиктер ескерту жасайды

Бірнеше өңірде тұман түседі

Алматыда «Еуразия» кинофестивалінің жүлдегерлері марапатталды

Фестиваль апта бойы жалғасты

Адам өліміне кінәлі «5:32» сериалының продюсері сотталды

Салдарынан 16 адам жарақат алып, бір адам қаза тапты

Алматыда тағы да жер сілкінді

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 318 км жерде орналасқан

Доллар құны 500 теңгеден асты

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 500 теңге