Алматыда бейбітшілік шеруі өтті

Бүгін Алматының 80-ге жуық жас тұрғыны М. Горький атындағы саябақтан 28-ші Панфиловшылар саябағына дейін бейбітшілік шеруіне шықты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде алматылықтарды «Бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін!» деген сөздер жазылған плакаттар мен лозунгалар көтеріп шығуға шақырған үндеулер болды. Бұл үндеуге Алматы жастары үн қосты. Алайда, іс-шара жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген еді.
Балалар «Бейбіт Қазақстан үшін», «Қазақстан бейбітшілік аумағы» және «Біздің күшіміз бірлікте» деген сөздер жазылған плакаттармен Алматының орталық көшелерімен жүріп өтті, еліміздің Әнұранын айтып, Панфиловшы жауынгерлердің ескерткішіне гүлшоқтарын қойды.
Шеру келісілмегендіктен,қалалық прокуратура өкілдері жастарға рұқсат етілмеген жиындарға тыйым салынғанын түсіндіріп, олардың таралуын сұрады.
Содан соң іс-шара аяқталды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.