Алтай Көлгінов қала тұрғындары қандай мәселе көтеретінін айтты

  • 30.06.2021

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ алаңында өткен брифингте қала тұрғындарын әлеуметтік көмекпен қамту үшін қандай шаралар қабылданғанын айттып өтті.

 «Елордалықтар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік көмек алу, білім алу, жұмысқа орналасу, медициналық көмек секілді  проблемаларды көтереді. Тікелей көмек көрсету үшін ғана емес, әлеуметтік көмекпен тұрғындарды барынша көп қамту үшін бірқатар маңызды орталықтар ашылды. Мысалы, 2020 жылдың күзінен бастап тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық (Республика даңғылы, 32) жұмыс істейді. Онда тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керектігі, тұрғын үй бағдарламаларының тетіктері секілді түрлі проблемалардың шешім жолын білуге болады.

 Ал әлеуметтік мәселелерді шешу үшін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14) ашылды. Онда «бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында 25 мыңнан астам тұрғынға көмек пен кеңес көрсетілді.  Сонымен қатар, қалада iQala қалалық қызметтер орталығы (Қошқарбаева, 29) жұмыс істейді. Бұл жерде тұрғын үй-коммуналдық секторды «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру қызметін алуға болады. Бұрын қызмет көрсету регламенті болмаған: қала тұрғыны барлық монополистерді аралап жүріп, әрқайсысымен жеке-жеке шарттар жасасып, жиі-жиі хабарласып, құжаттардың дайын болғанын білуі тиіс еді. Бұл шамамен бір ай уақытты алатын. Қазір iqala.kz сайты арқылы өтініш беріледі, ал 3-5 күн ішінде құжаттардың дайын екендігі туралы SMS хабарлама келеді.

 Өткен айда жастарға қызмет көрсету орталығы (Гете,1) ашылды. Мұнда жастар білім алу, жұмысқа орналасу секілді өзекті мәселелер бойынша кеңес ала алады. Осы әлеуметтік орталықтардың жұмысын күшейтуді ары қарай да жалғастырамыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Жалпы, қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетуде елорда әкімі Алтай Көлгінов апта сайын азаматтарды қабылдап келеді. 2019 жылдың жазынан бастап 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін елорда әкімі екі мың тұрғынды қабылдапты. Биылғы алты айда 250-ден астам қала тұрғынының проблемасын шешуге көмектескен. Пандемияны ескере отырып, азаматтарды қабылдау онлайн-режимде жүргізіліп келеді.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін