Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ХАМАС Каирде Газадағы атысты тоқтату бойынша келіссөз өткізді

Әлем
ХАМАС Каирде Газадағы атысты тоқтату бойынша келіссөз өткізді
Ahmad Awad / Agencia EFE / IMAGO

Келіссөз Газа секторындағы жағдайдың шиеленісуі аясында өтіп жатыр және ол Трамптың бейбітшілік жоспарының екінші кезеңіне де қатысты, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Жексенбі күні палестиналық ХАМАС тобының жоғары лауазымды делегациясы Каирде Мысырдың Бас барлау қызметінің басшысы Хассан Рашадпен кездесті. Келіссөз атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңін орындау және Израиль тарапынан жаңа заңбұзушылықтар туралы хабарламаларға арналған, деп хабарлайды Reuters.

Палестина қозғалысының мәліметінше, делегация құрамына ХАМАС Басшылық кеңесінің төрағасы Мұхаммед Дарвиш, Халед Машаль, Халил әл-Хайя, Низар Авадалла, Захир Джабарин және Гази Хамад кірді.

Кездесу барысында ХАМАС келісімнің бірінші кезеңіне бейілділігін растады, бірақ Израиль тарапынан жасалған отырған зағбұзушылықтар келісімнің тұрақтылығына қауіп төндіретінін ескертті. Топ сондай-ақ заңбұзушылықтарды бекіту және алдын алу үшін халықаралық делдалдар бақылайтын тетік құруды ұсынды.

Кездесуде Рафах ауданындағы туннельдерде «сары сызықтың» ар жағында қалып қойған ХАМАС әскери қанаты – «Изз ад-Дин әл-Қассам бригадалары» жауынгерлеріне қатысты жағдай талқыланды. Олармен байланыс үзілгені туралы хабарланды. Израиль әскерилері бұған дейін қаланың шығысындағы жерасты құрылыстарынан қашуға тырысқан 17 содырдың өлтірілгенін немесе тұтқындалғанын мәлімдеген болатын.

22 қарашада Израильдің Газа секторына жасаған соққыларынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, олардың арасында ХАМАС-тың жергілікті командирі де бар.

- ХАМАС бітімді бұзған жоқ және біз соған сәйкес әрекет етіп жатырмыз. Содырлардың «сары сызыққа» кіруге бірнеше әрекеті сәтсіз аяқталды және олар ауыр соққыға жығылды, - деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху соңғы шиеленіске қатысты пікір білдіре отырып.

Газа секторы билігінің мәліметінше, атысты тоқтату басталғаннан бері қаза тапқандар саны 342 адамға жетті, олардың көбі – әйелдер, балалар және қарт адамдар.

Келісімнің бірінші кезеңін жүзеге асыруға қатысты мәселелер тұтқындармен алмасуға да қатысты болды.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, ХАМАС Израильге кепілге алынған 20 тірідей және 28 дененің 27-сін тапсырды, бұл ретте Израиль тарапы оның екеуін даулап отыр. Израиль өз кезегінде өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоса алғанда, шамамен 2 мың палестиналықты босатты.

Келісімнің екінші кезеңі бойынша талқылау Трамптың америкалық жоспарына сәйкес Газа секторы үшін технократиялық Палестина басқару комитетін құруды, Израиль әскерлерін «сары сызықтан» тысқары шығаруды, халықаралық тұрақтандыру күштерін орналастыруды, Палестина полициясын даярлауды және секторды демилитаризациялауды көздейді.

ХАМАС өз кезегінде «Израиль оккупациясы аяқталмайынша» қаруын тастамайтынын бірнеше рет мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу