Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үш минутқа жүрегі тоқтап, о дүниені көріп келген әйел басынан не өткерді?

Әлем
Үш минутқа жүрегі тоқтап, о дүниені көріп келген әйел басынан не өткерді?
ашық дереккөзден

Канададағы Альберта провинциясының тұрғыны клиникалық өлімді бастан өткергеннен кейін өмірдің ар жағында бір шындық бар екеніне көз жеткізгенін айтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кэлли Элуэйнстің айтуынша, оның өкпесі кенеттен дұрыс жұмысын тоқтатқан: ауа өкпе мен кеуде қуысының арасына жиналып, жүрек пен қан тамырларын қысқан. Соның салдарынан әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем қызметкерлеріне оны қайта тірілту үшін үш минут қажет болған.

"Өз тәнімнен мүлдем бөлініп кеткендей болдым. Тіпті “мен” деген ұғым жоғалып, бар әлеммен біртұтас болып кеткендей күй кештім", – дейді ол.

Бұл ерекше тәжірибе оған өлімнен кейінгі өмір туралы түсінігін қайта қарауға себеп болған. Өмірге қайта оралғаннан кейін Кэлли клиникалық өлім кезінде "менінен" ажырауы бала күнгі жарақаттарының жазылуына да әсер еткенін түсінген.

Айтуынша, содан бері ол ішкі тыныштық пен үйлесім тапқан.

"Сол сәтте көптен бері іздеп жүрген махаббаттың өз ішімде бар екенін аңғардым", – дейді Элуэйнс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу