Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Трамп Илон Маск басқарған DOGE департаментін таратып жіберді

Әлем
Трамп Илон Маск басқарған DOGE департаментін таратып жіберді
Фото: AFP

АҚШ үкіметінің тиімділік департаменті (DOGE), оны мультимиллиардер Илон Маск басқарған, мерзімінен бұрын таратылды. Бұл туралы АҚШ әкімшілігінің кадрлық саясат басқармасының директоры Скотт Купор Reuters агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ол енді жоқ», – деді ол.

Купордың айтуынша, департамент бұрынғыдай «орталықтандырылған құрылым» болып саналмайды. «(Шенеуніктер санын қысқарту – Ред.) мақсаты да жойылды», – деді ол.

АҚШ билігі DOGE департаментінің таратылғанын ресми түрде жариялаған жоқ. Бұған дейін бөлім өзінің жұмысын 2026 жылдың шілдесінде аяқтауы тиіс болған.

Reuters дерегінше, DOGE-дің көптеген функциясы кадрлық саясат басқармасына берілген, ал бұрынғы кейбір қызметкерлер әкімшіліктің басқа бағыттарына ауыстырылған.

Мысалы, Airbnb компаниясының негізін қалаушылардың бірі Джо Геббия енді үкімет сайттарының дизайнын жақсартумен айналысады.

USAID агенттігін қайта құрылымдауға көмектескен Джереми Левин қазір Мемлекеттік департаменттегі шетелдік көмекті қадағалайды.

Сәуір айының соңында Илон Маск DOGE-ді басқаруға бұрынғыдан аз уақыт бөлетінін және назарын Tesla компаниясына аударатынын мәлімдеген. Бір айдан кейін ол АҚШ әкімшілігіндегі өкілеттігінің аяқталғанын айтты. Қоштасарда Дональд Трамп Маскқа алтын кілт сыйлаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу