Антикор Қайрат Сатыбалдының 55 млрд теңгеден астам ақшасын қайтартты

Malim Админ

  • 20.12.2023

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылдауда.
Тек биылғы жылдың желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қ. Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларына, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті.
Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілді.
Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соңғы 2 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 912 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.
Бұрын айтылғандай, олардың қатарына әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардағы үлестер, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары, соның ішінде шетелден алынған қаражаттар кіреді. Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.

Байланысты жаналықтар

Еліміздегі футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінген - Антикор

14.11.2024

ТЖМ-ның жоғары лауазымды үш қызметкері сотталды

04.11.2024

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел 10 жылға сотталды

28.10.2024

Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

04.10.2024

Антикор «Астана Банкінің» бұрынғы акционерін жауап алуға шақырып жатыр

25.09.2024

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

21.09.2024
MalimBlocks
Еліміздегі футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінген - Антикор

ТЖМ-ның жоғары лауазымды үш қызметкері сотталды

Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуге уәде берген әйел 10 жылға сотталды

Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Антикор «Астана Банкінің» бұрынғы акционерін жауап алуға шақырып жатыр

Антикор Мырзахметовтің ісі бойынша мемлекетке қосымша 7 млрд теңге қайтарды

Жыл басынан бері 195 млрд теңге қайтарылған