freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҰҰ Бас хатшысы қызметіне үміткер Украинаға қатысты күтпеген ұсыныс жасады

Әлем
БҰҰ Бас хатшысы қызметіне үміткер Украинаға қатысты күтпеген ұсыныс жасады
Фото: Eskinder Debebe, дереккөз: media.un.org

БҰҰ Бас хатшысы қызметіне үміткер Ивонн Баки Украинадағы қақтығысты тоқтатудың ықтимал жолдарының бірі ретінде Киевтің НАТО-ға қосылудан бас тартуы жөнінде келісім жасауды ұсынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дипломаттың пікірінше, мұндай шешім Ресейдің НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюіне қатысты ұстанымын ескеруге мүмкіндік береді.

«Ресей НАТО-ның өзіне жақын орналасқанын қаламайтыны туралы келісім болған деп ойлаймын, солай емес пе? Жақсы, онда осыған қатысты келісейік», – деді Ивонн Баки. Оның сөзін РИА Новости агенттігі келтірді.

Бакидің ұсынысы Украинадағы қазіргі жағдайды дипломатиялық жолмен реттеу және тараптар арасында ымыраға келу мүмкіндігін қарастыруға бағытталған.

Ивонн Баки кім?

75 жастағы Ивонн Баки – дипломатиялық және саяси тәжірибесі мол эквадорлық саясаткер. Ол бұған дейін Эквадордың Бейрут пен Бостондағы консулы, сондай-ақ Вашингтон мен Париждегі елшісі қызметтерін атқарған.

Саяси мансабында 2002 жылғы президент сайлауына қатысып, 2003-2005 жылдары Эквадордың өнеркәсіп министрі болды. Кейін Анд қауымдастығы елдеріне жетекшілік етті.

БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы қашан сайланады?

БҰҰ-ның қазіргі Бас хатшысы Антониу Гутерриштің өкілеттік мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Ұйымның жаңа Бас хатшысы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметіне кіріседі. Ивонн Баки – бұл лауазымға үміткерлердің бірі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу