freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік азаматтар мінген автобустан өрт шықты

Оқиға
Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік азаматтар мінген автобустан өрт шықты
Фото: видеодан скрин/ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысында Белое ауылының маңында Сургут – Тәжікстан бағытымен қатынап келе жатқан жолаушылар автобусының дөңгелегі өртенді. Автобус салонында Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары болған, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ-нің алдын ала мәліметі бойынша, өртке тежегіш қалыптарының кептеліп қалуы себеп болған. Соның салдарынан автобустың оң жақ дөңгелегі өртеніп, кейін түтін шыққан.

ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жеткенге дейін Белое ауылының «Ауыл құтқарушылары» еріктілері келіп, қажетті шараларды қабылдап, өртті оқшаулаған. Барлық жолаушы автобустан өздігінен шыққан.

«Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшесі өрт сөндіру құрылғысын беріп, қайта тұтану қаупін болдырмау үшін өрт шыққан жерге су шашу жұмысын жүргізді», – деп хабарлады ТЖМ.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде жанар-жағармай сорғы стансасы өртенгенін жазған едік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу