Ақтөбеде сегіз отбасы далада қаңғып жүр

Жанар Қожанова

  • 18.09.2020

Ақтөбеде  сегіз бірдей отбасы бала-шағаларымен далада қаңғып жүр.  Сегіз пәтерлі барақ үйдің тұрғындары осыдан екі ай бұрын үйлері өртеніп кеткен кезде әкімдіктегілер баспаналарын қалпына келтіріп береміз деп уәде етіп кеткен дейді. Тіпті арнайы мамандар шақыртып, жөндеу жұмыстарына кететін  шығынды  да санатып берген. Алайда осы күнге дейін  әкімнің уәдесін күтіп шаршаған тұрғындар көмекті әкімнен емес, енді құдайдан тілеп отырмыз дейді. Тұрғындардың арманы күздің қара суығы жеткенше үйлеріне кіріп алу.

«Үйімізден  тек құжаттарымызды ғана алып шығуға үлгердік. Алты жыл бұрында да үй жанған еді. Үйімізді енді істеп болып, енді үй болған уақытта қайтадан жанып кетті. Менің қызым ол кезде төртте болатын. Ол кезде де есінде. Ол кезде де қатты жылап, ауырған болатын. Осы жолы да солай», –дейді Бибігүл ЕРҒАЛИЕВА.

Тұрғындар әкімдіктегілер үй өртенген күні келіп, кәсіпкерлердің көмегімен төбесін жауып беруге  уәде еткенін айтады. Тіпті мамандар шақыртып, кететін шығынға дейін есептеттіріпті. Алайда арада екі ай өтсе де не әкімнен, не басқадан хабар жоқ дейді.

«Төбелеріңізді көтеріп береміз, қалғанын өздеріңіз істейсіздер» деді. Біз оған да рақмет дедік. Бірақ, әлі жүрміз, әлі ештеңе жоқ. Кімнен сұраймыз енді? Әкімдікке бардық сұрадық. Енді құдайға жалбарынып жүрміз. Қандай болса да өзіміздің үйіміз» -дейді Ағила САҒИЕВА.

Биліктің беріп кеткен  уәдесін екі ай күткен тұрғындар бүгін қала әкімі Асхат ШАХАРОВТЫ іздеп әкімдікке өздері барды.  Алайда әкіммен кездесе алмады.  Орнына өрттен хабарымыз бар, қазір айналысып жатырмыз деген мамандар ғана шықты.

«Келесі аптаның орталарына таман ағаштары апарылады. Демеушілер табылды. Қазір уақытта ақшалары төленді. Қазан айының  15-не таман бұйырса үйлеріне кіру керек», - деді  Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік ДӘУЛЕТОВ.

Қазір өртеніп кеткен  сегіз үйдің 35 тұрғыны тума туыс жағалап, әр жерде  жүргендерін айтады. Ал әкімдіктегілер қазан айының  ортасына дейін баспаналарын қалпына келтіріп береміз деп тағы да уәдесін берді.

Фото автордікі.

Байланысты жаналықтар

1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

30.03.2023

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

29.03.2023

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

28.03.2023

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

27.03.2023

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

24.03.2023

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

23.03.2023
MalimBlocks
1 сәуірден бастап бензин қымбаттайды

Қазіргі бағадан 182-185 теңге жоғары

«Депутаттар, шығыңдар!». Ашынған әйелдер Парламент үйіне барды  

Олардың шағымын журналистер ғана тыңдады

Астананы азық-түлікпен қамту қалай жүргізіліп жатыр?

22 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда аутизммен ауыратын балалар көбейді 

Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жеткіліксіз

Мүфтият «Алланың миссиясы бітті» деген әйелге қатысты мәлімдеме жасады

Мүфти Алланың атынан жалған сөйлеу, өте ауыр күнә екенін айтты

Ермұрат Бапи: Маған сенім артқан халықтан басқа ешкімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!

«Өзеннің арғы бетінде қалған» әріптестеріме не дейін?