Арыстағы сайлау учаскелерінің жұмысы айтылды

Malim Админ

  • 13.09.2023

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн екенін айта келе: «Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын.

Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет.

Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте, «орталық пен өңір» арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл – орынды.  Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандар мен елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс. Бұл ретте, онлайн сауалнаманы да қолданған жөн», -- деген болатын.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауда жүктеген міндетін жүзеге асыру мақсатында Үкімет биылдан бастап елімізде пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды қолға алды. Бұйыртса, 2025 жылы мемлекетімізде жаппай сайлау өткізіле бастайтын болады. Бүгінде өңірімізде облыстық аумақтық сайлау комиссиясы әкім сайлауы өтеді деп белгіленген аймақтарда сайлауды ұйымдастырудың талаптары мен ережелерін түсіндіруге кірісті.

Айталық, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Арыс қаласында барлық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшыларының қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарларына аудандағы 34 учаскелік сайлау комиссияларынан 187 адам қатысты.

Семинарда сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындықтары, мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілудегі жұмыстар, учаскелік сайлау комисстяларының сайлаулар өтетін күнгі негізгі міндеттері талқыланды. Күн тәртібінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Маханов, орынбасары Н.Адилбеков, хатшысы Е.Муратов заң талаптарына сай өз ойларымен бөлісіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинарда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Ускенбаев сөз сөйлеп, Сайлау процесі барысында заң талаптарын қатаң сақтауды, сайлау ережелерін бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатындығын түсіндіріп, сайлау күнгі кейстік тапсырмалармен сұрақ-жауаптар жүргізіліп түсініктемелер берілетінін айтты. Заң талаптары бойынша түсініктемелер беріліп, заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселесі кеңінен талқыланды.

Оқыту семинарлары барысында қатысушылардың барлығы сайлауға қатысты тестілеуден өткізілді. Шара соңында арнайы жабдықталған сайлау учаскесінде туындауы мүмкін деген ситуациялық сұрақтарды заң талаптары бойынша шешуге арналған тренингтер өткізілді.

Жалпы биыл елімізде қанатқақты режимде өткізіле бастаған сайлауға үміткерлерді саяси партиялар мен жоғары тұрған әкім ұсына алады. Егер ұсыну мерзімі аяқталған кезде бір ғана канди­дат болса, оған балама ретінде облыс әкі­мі екінші кандидатты ұсына алады. Ал кан­дидаттар мүлдем болмаса, онда облыс әкімі екі кандидатураны ұсынады.

Сосын өзін-өзі ұсынған кандидат сайлауға қатысуы үшін тиісті әкімшілік-аумақ­тық бірлікте тұратын сайлаушы­лардың кемінде бір пайыз қолын жинауы керек. Кандидаттар заңда белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарналарын енгізуге тиіс. Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарналар кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайларда сайлау жарнасы кандидатқа қайтарылмайды.

Сондай-ақ тіркелгенге дейін кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырады. Егер мәліметтер бұрыс не анық болмаса, аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тіркеуден бас тартуға құқылы. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлау науқанын өткізудің жалпы кезеңі шамамен 60 күн, оның ішінде сайлау қорытындыларын шығаруға және нәтижелерді белгілеуге бөлінген күндерді есептемегенде 50 күнді құрайды.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуы және 25 жастан төмен болмауы, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Кандидат еңбек өтілі бойынша талаптардың 11 нұсқасының бәріне де сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қызметте жұмыс тәжіри­бесінің болуы міндетті емес. Мыса­лы, кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орташа жылдық штат саны кемін­де елу адам болатын орта кәсіпкерлік субъек­тілерінің не коммерциялық емес ұйым­дар­дың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі немесе Президенттік жас­тар кадрлық резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі және тағы басқалар болуы мүмкін. Сайланатын әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болып сайлана алмайды.

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.