Әуезов ауданындағы кездесу: Досаев үш мәселеге ерекше тоқталды

Тұрғындардың сұрағы, әкімнің жауабы

  • 13.10.2022

Алматы қаласындағы аудандарды дамыту, ондағы әлеуметтік проблемаларды шешу кезек күттірмейтін мәселе. Алматы қаласының әкімі биыл бүкіл қаладағы аудан тұрғындарымен тұрақты түрдле кездесу өткізіп келеді. Қалаға қарасты аудандардағы инфрақұрылым, коммуникациялық жүйелерді ретке келтіру, мектептердегі орын жетіспеушілігін реттеу сияқты әлеуметтік мәселелер – қаланы дамтыудың 2030 және 2050 жылдарға дейінгі тұжырымдамада жіті қарастырылған. Соған сәйкес атқарылуға тиіс шаруаларды пысықтау үшін қала тұрғындарының пікірін диі тыңдап тұру өте маңызды.

Кезекті кездесу Әуезов ауданында болды. Бұл кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев бұл аудандардағы мектептерде орын жетіспеушілігіне ерекше тоқталып, оны қалай шешетінін айтып берді.

250-ден астам адам келген кездесуде әкім ең алдымен ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі ең өзекті мәселе – ауданда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту. Бұл бағыт бойынша атқарылатын шаруалар әлі де өте өзекті, ары қарай жалғасын таба береді.

«Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жалпы ұзындығы 75,8 км сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жобалануда. Құрылыс 2023 жылдың 2 тоқсанында басталып, 2024 жылдың соңына қарай аяқталады. Жоба ауданда 11 мыңнан астам абонементті сапалы сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аудандағы жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 24,5 шақырым болатын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың қараша айының соңына дейін Саин және Навои көшелерінде жолдарды орташа жөндеу аяқталады», - деді әкім.

Жол мәселесі дегенде ең алдымен алматылықтардың тілге тиек ететіні – қаладағы жауын-шашынды кездердегі аһуал. Қала көшелері суға толып, адам түгіл көлік жүре алмай қалған кездер болмай тұрмайды. Бұл ауданда дәл осы мәселеге байланысты нүкте нүкте бар. Бұл төрт нүкте да шамамен бір біріне жақын орналасқан. Соны реттеу мақсатында қазір төтенше жағдайларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Райымбек-Мамышұлы және Райымбек-Момышұлы көшелерінің қиылысынан диаметрі 1 метр болатын өту жолы жасалып жатыр. Бұл жоба жыл соңына дейін аяқталады дейді әкім.

Жалпы, қалада кәсіпкерлік дамуы үшін және өзге де игіліктердің өз ретімен іске асуы үшін ең қажетті нәрсе – тәртіп. Бұл жағынан да біраз шаруа іске асырылып жатқанға ұқсайды. Әуезов ауданының өзінде ғана қазір 168 беунебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Бірақ, бұл жеткіліксіз, бейнемониторинг желісін кеңейту керек. Ол үшін қазан айынан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде және көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында тағы да 359 камера орнату жұмыстары басталған. Бұл камераларды жыл соңына дейін орнату көзделіп отыр екен.

Жоғарыда айтқанымыздай, мектептердегі орын юетіспеушілігін жою үшін жаңа оқу жылында аудандағы (№117 және №132) екі мектепке 725 орынды қамтитын екі қосымша нысан салынған. «Достық» деп аталатын 400 орындық жаңа жекеменшік мектеп ашылғанын да айта кету керек.

«1 қыркүйекте №117 және 132 мектептерге қосымша салынған 1 725 орындық 2 құрылыс пайдалануға берілді, сондай-ақ 4 шағынауданда 400 орындық «Достық» жеке меншік мектебі ашылды. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде құрылыс салушы Everest Development №104 мектепке 400 орындық қосымша құрылыс салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың II-тоқсанына жоспарланған. Алдыңғы кездесуде атап өткенімдей, салынып жатқан City plus және «Белкамит» тұрғын үй кешендері жанында құрылыс салушы (Қазақстрой) 1500 орындық 2 жаңа мектеп және 800 орындық 2 балабақша салуды жоспарлап отыр. 4 мектепте (№122, 127, 141, БИЛ, осы мектептегі жалпы орын саны – 3 686) сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жұмыстар 2023 жылдың IV-тоқсанында аяқталады», – деді Алматы әкімі.

Кез келген қала тұрғындарының игілікті өмір сүріп, еркін тыныстауы үшін, әлбетте, қалада экономикалық көрсе кішпен қатар әлеуметтік мәселелер де шешілу керек. Мемлекеттік даму бағдарламаларының негізгі бағыттарының бірі де осы екені дау туғызбайды. Сондықтан, Алматының инврақұрылымы мен коммуникациялық жүйесі, мектеп мәселесі жылдан жылға адам көбейген сайын өзекті бола түседі. Демек, Алматы әкімдігі бұл тараптағы жоспарлар мен жобаларды ешқашан күн тәртібінен түсірмейді деген сөз.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады