freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Родригеске көңіл айтты

Саясат •
Тоқаев Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Родригеске көңіл айтты
Kazinform

Мемлекет басшысы Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.

– Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – делінген жеделхатта.

Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 188 адамға жетті. Тағы 1520 адам жарақат алған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу