"Ауыл" партиясының мәлімдемесі

Malim Админ

  • 01.04.2020

«Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясының Мәлімдемесі

Қадірлі Отандастар!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт  Кемелұлы Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан халқына   3 мәрте мәлімдеме  жасады.

Мемлекет басшысының мәлімдемелері коронавирус індеті таралуының салдарынан күн өткен сайын өзгеріп жатқан елдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелердің нақты шешіміне бағытталды. Әр мәлімдеме сайын  ел азаматтарына арналған жаңа әлеуметтік пакеттер жиыны жариялануда. Мұны мемлекет басшысы мен Үкіметтің бүгінгі ел экономикасының мүмкіндіктерін саралап, қалыптасқан жағдайды шынайы бағалап, нақты  нәтижеге негізделген қадамдары деп қабылдаймыз.

Медицина сала мамандарын әлеуметтік қолдау және оларға  қосымша өтемақы тағайындау туралы қабылданған шешімді ел тұрғындары төтенше жағдай шарттарында өте өзекті және маңызды қадам деп қабылдап, бұған жан –жақты  қолдау білдіруде.

Президенттің мәлімдемесіне орай ендігі кезекте өзін – өзі жұмыспен қамтыған және ресми жұмысы жоқ болса да, табыс көзі бар азаматтар санаты да бір айлық төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлемақымен (42500 тг ) қамтылатын болды. Яғни еліміз бойынша жалпы саны  3 млн – ға жуық азамат аталмыш төлемақымен қамтылмақ. Бұдан бөлек зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың он пайызға өсірілуі,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген азаматтарға 1  шілдеге дейін аталмыш жүйе аясында қызмет көрсету, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалар, көп балалы отбасыларға тұрмысқа қажетті заттар мен азық – түлік  түрлерін тегін беру, ірі қалалардың төңірегіндегі жастарды жұмыспен қамту үшін көтерме төлемақы тағайындау  сияқты бастамалар қоғамның әлеуметтік тұрғыдан әлсіз  топтарын қолдау бойынша өте қажетті және нақты шешімдер деп қабылдаймыз.

Ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналған орта және шағын бизнесті қолдауға бағытталған салықтық жеңілдіктер  қазіргідей қиын кезеңде  аса қажетті қадам деп есептейміз. Ауыл шаруашылығы саласында көктемгі егістік жұмыстарына қосымша қомақты қаражат бөлініп, жанар – жағар  май бағасына жасалатын жеңілдіктер де  Төтенше жағдайға тап келіп, дағдарып қалған диқандар қауымына сенім мен қажыр – қайрат  силары анық. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен қосымша 70 миллиард теңге қаржы бөлініп, Аграрлық кредиттік корпарациясы арқылы 5 % пайыздық мөлшерлемемен несие берілмекші. Көктемгі егістік жұмыстары шұғыл шаралар мен шапшаң әрекетті  керек етеді. Қабылданған шешімдер негізінде жергілікті билік өкілдері ұйымдастыру шараларын дұрыс қолға алып, аймақтардағы шаруалардың аталмыш жеңілдіктерді бюрократиялық бөгеттерсіз уақтылы алуына жағдай жасап береді деп үміттенеміз. Мемлекет басшысының Үкіметке отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін 6 айға кепілді сатып алу механизмін қалыптастыруды тапсыруы аймақтардағы шаруалардың күмәнін сейілтіп,  оларды ынталандырып, білек сыбана жұмысқа кірісулеріне себеп болатын батыл шешім деп білеміз.

«Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт  Кемелұлы Тоқаевтың маңызды мәлімдемесіне толықтай қолдау білдіреді. Барша Отандастарымызды  мемлекет  басшысы тарапынан қолға алынып жатқан бұл бастамаларды қолдауға шақырамыз.

Бүгінгідей қиын – қыстау  кезеңде мемлекет пен қоғамның мәмілелі әрекеттері мен саналы қадам, салиқалы саяси шешімдерінің елімізді осынау сыннан дін аман алып шығарына сеніміміз берік!  Біз біргеміз!

Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясының Саяси кеңес Президиумы

Фото ғаламтордан алынды.

 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін