Балаға терезеден төнген қауіп

Malim Админ

  • 29.04.2022

Елодардада күн жылынып, көктем шыға әртүрлі шырғалаң оқиғалар орын ала бастайды. Кейбір жас балалардың аллеядағы субұрқақтарға шомылу, ашық терезе алдында ойнау т.б. Әсіресе, көп қабатты үйлердің көбінде әлі күнге дейін ауа алмастыратын терезелерде сақтық шаралары жасалмаған. Бұл ең бірінші құрылыс компанияларына – сын және жауапты. Екінші бала өмірі оның қауіпсіздігі ата-ананың мойыннында болғандықтан қаламызда жыл сайын көктемде ескертілетін қауіпсіздік шараларына қатысты ақпараттарды мұқият қарап, тиісті шараларды қабылдау қажет.

Бала – кішкентай зерттеуші, сондықтан ол айналасын тану мақсатында түрлі, соның ішінде, қауіпті әрекеттерге де барады. Әрине, терезе және оның артындағы әлем – бала үшін өте қызық әрі таныс емес дүние екені құпия емес. Баланың терезеден құлауының басты себебі – бала қолымен оңай ашылатын қорғалмаған терезе. Москит тор да баланың терезеден құлап кетуіне себеп болады: бала москит торға сүйенуге болады деп ойлайды, алайда ол оның салмағын көтермейді. 

Соңғы жылдары баланың терезеден құлауы қаламызда жиіленген. Себебі елорданың көбі көпқабатты үйлер. Қазіргі терезелер физикалық күшті қажет етпей-ақ оңай ашылады және желдету үшін бүкіл терезені ашуды қажет етеді.

Егер терезенің қасында үстел немесе тумбочка тұрса, бала өміріне деген қауіп жоғарылай түседі. Балаларда, әсіресе, қасында ата-анасы бар кезде қорқыныш сезімі болмайды. Сондықтан 1-2 минутқа алаңдап кетсеңіз, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін.

Мұндай жағдайға 5-жасқа дейінгі балалар, соның ішінде ұл балалар жиі тап болады. Қайғылы жағдайдың орын алуына терезенің жанында тұрған жиһаз жиі себепкер болады екен.

Елордадағы Төтенше жағдайлар департаменті терезелерді ашық қалдырмауға, балаларды терезе алдына шығармауға, сондай-ақ мүмкіндігінше шектеу орнатуға кеңес береді.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының басшысы брифингте балалардың қауіпсіздігін мұқият бақылауға шақырды. Судағы оқиғалар мен өрт қаупі сияқты факторлармен қатар, үйлердегі ашық терезелер де балаға қауіп төндіреді. 2018 жылдан бастап елордада терезеден құлау салдарынан 70 бала зардап шеккен. Осы жылдың басынан бері осындай 28 жағдай тіркелген.

«2 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлауы өте жиі кездеседі. Бұл жыл сайын қайталанып келеді. Балалардың құлауының негізгі себебі – оларды ашық терезе жанында қараусыз қалдыру. Бала өз қызығушылығына байланысты үйде қараусыз қалып, аулада балалардың ойнап жүргенін естиді және терезеге қарай ұмтылады», деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының басшысы.

Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлау қаупін азайту үшін, ата-аналарға ережелер әзірледі. ТЖД балаларды ашық терезе жанында қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп жиһаз қою керек. Масалардың торы құлаудан қорғамайтынын есте ұстаған жөн. Баланы арнайы шектегіштер мен бекіткіштер ғана қорғай алады. Сонымен қатар, балалармен әңгімелесу және терезеде ойынау өте қауіпті екенін түсіндіру маңызды.

Көп қабатты үйлерде биіктіктен ересектер де құлайды. 2021 жылдың басынан бері елордада осындай 14 жағдай тіркелген. Қайғылы оқиғалардың бірі – 2020 жылғы 14 қыркүйекте парапет арқылы пәтеріне кіргісі келген тұрғын болды, бірақ алтыншы қабаттан құлады. Алған жарақаттарының нәтижесінде ол қайтыс болған.

ТЖД қалада төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша міндеттерді орындауға дайын азаматтық қорғау қызметі тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейтінін еске салады.

Қиын жағдайда елордалықтар 101 немесе 112 нөмірлері бойынша көмек сұрай алады.

Мамандар балаларды терезелерден қорғау үшін мынандай кеңес береді.

Барлық ата-ана сақтауы қажет ережелер:

- Терезе 12,5 см-ден бастап ашық тұрса, бала терезеден құлап кетуі мүмкін. Сізге бала ол қашықтыққа сыймайтындай көрінсе де, одан артық ашпаңыз.

- Барлық терезеге оны 12,5 см-ден артыққа ашқызбайтын ілмек немесе қоршау қою керек. Оларды жиһаз дүкендерінен немесе қарапайым гипермаркеттерден сатып алуға болады. Сондай-ақ, ашылатын терезенің тұтқасын алмалы-салмалы етіп жасатуға болады: сол кезде бала терезені аша алмас үшін тұтқасын алып тастау жеткілікті.

- Мүмкін болса, терезенің тек жоғарғы бөлігін ашқан жөн.

- Баламен терезенің алдында ойнамаңыз. Даладағы көліктерді, адамдарды көрсету үшін баланы терезенің алдына отырғызбаңыз. Ол қасында сіз жоқ кезде де солай отырып көруге болады деп ойлайды.

- Үстіне оңай шығатын жиһазды терезенің қасына қоймаңыз. Жалпы, бала жалғыз ойнап отқан бөлмеге ол оңай көтере/ысыра алатын орындықты қалдырмаңыз.

- Москит торға сенбеңіз. Бұл ата-ананың көпшілігі жіберетін қателік. Москит тор бала салмағын көтермейді.

- Жалюздің баулары мен шынжырлары төмен салбырап тұрмауы керек: олар балаға терезенің алдына шығуға көмектеседі.

- Балконға әйнек салу керек.

- Аз уақытқа болса да балаларды үйде жалғыз қалдырмау қажет.

Бала ата-анасының және отбасыдағы басқа да ересек адамдардың әрекетін қайталайтынын және олардан үлгі алатынын ұмытпаңыз. Сондықтан өзіңіз де терезенің алдына отырудан, терезеден басыңызды шығарып, төмен салбырап қараудан және терезе арқылы даладағы адаммен сөйлесуден аулақ болыңыз. Әрдайым терезеге алыстан қарап, қатты жақындауға болмайтынын түсіндіріп жүріңіз.

 

Байланысты жаналықтар

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

31.07.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024
MalimBlocks
Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Эколог Лаура Мәлікова: АЭС-ті экологиялық энергия көзі деп бағалауға болмайды

Атом электр стансасы салынар болса, Қазақстанда тағы бір «Қошқар ата» полигоны пайда болуы мүмкін.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!