Бас прокуратура Ильинді, Сүлейменованы, Ұранхаев пен Ахметовты  жауапқа тартады

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында министрлер мен әкімдерден жауап алынатынын мәлімдеді.

  • 14.06.2023

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына барлық құқық қорғау органдарының тәжірибелі тергеушілері мен жедел уәкілдері кірген. Қазірдің өзінде топ өрт орнында тергеу жүргізіп жатыр. Бірақ тергеу енді ғана басталғандықтан, шенеуніктердің әрекеті әлі анықталған жоқ.

«Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өз міндеттеріне, қызметтеріне жауапсыз қарап, өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамау салдарынан орманның өртенуі мен азаматтарымыздың өліміне себеп болған кінәлі лауазымды тұлғалар анықталатын болады», - деді Өмірәлиев.

"Жауап алынатын адамдар арасында өртті сөндіруге жоғарғы басшылар ғана емес, орта буын басшыларының да қатысы бар екенін ескерсек, қазіргі уақытта олар өрт сөндіру жұмыстарымен айналысып жатқандықтан біз оларды мазаламаймыз. Олардан міндетті түрде жауап алынады. Басқа да тергеу әрекеттері жедел-іздестіру сипатында жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.


Фото: ғаламтордан алынды

Байланысты жаналықтар

Абай облысында ер адам өзіне қол салмақ болған

05.04.2025

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

04.04.2025

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды

04.04.2025

Абай облысында жалпы өңірлік тазалық акциясы басталады

04.04.2025

Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

02.04.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025
MalimBlocks
Абай облысында ер адам өзіне қол салмақ болған

Абай облысында полицейлердің көпірде жігітті құтқарған сәті видеоға түсіп қалды

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды

Абай облысында жалпы өңірлік тазалық акциясы басталады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли аймақ тұрғындарына арнайы үндеу жасап, жалпыөңірлік тазалық акциясының басталатынын жариялады

Таиландта өртенген катерде зардап шеккен қазақстандық оқиғаның қалай болғанын айтты

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты