Бекшин оқушылардың қалай оқитынын өзі білмей ме?

Malim Админ

  • 25.08.2020

Алматылық Наталья Райм 7-ші және 4-сынып оқитын ұлдарын қашықтан емес, мектепке жіберіп оқытқысы келеді. 7-сыныпқа өткен 12 жастағы ұлының оқу бағдарламасына биыл жаңадан алгерба, геометрия, физика мен химия тәрізді пәндер қосылады. Екі оқушының анасы қашықтан түгіл, мектеп қабырғасында жүріп оқығанда қиынға соғатын бұл пәндерді балалар WhatsApp арқылы қалай оқиды деп алаңдайды. Мектепке барғысы келетін Н.Раймның балалары #БекшинМектепкеБарғымКеледі деген флешмобқа қосылды. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин болса, "мектептер бойынша әлі ештеңеге қол қоймадым" деп отыр.

Балаларын оффлайн оқытқысы келетін жүздеген ата-ана мен оқушылар әлеуметтік желіде #БекшинМектепкеБарғымКеледі атты флешмоб бастап кетті. #БекшинМектепкеБарғымКеледі деген жазу жазылған қағазды қолына ұстаған балаларын суретке түсірген ата-анасы оны әлеуметтік желіге салып жатыр.

"Егер елімізде онлайн оқу жолға қойылған болса, балаларымның оқуына алаңдамас едім. Бірақ 4-тоқсанда барлық ұстаздар тапсырманы WhatsApp-қа жіберіп, жауапты сол қосымша арқылы алғанын еске түсірсем, алаңдай бастаймын. Қиын теңдеулерді немесе физикадан тәжірибені осылай көрсетіп, түсіндіру мүмкін бе? Әрине, жоқ", – дейді Н.Райм.

Әлеуметтік желіде  #БекшинМектепкеБарғымКеледі (#БекшинХочувШколу) деген хэштегпен жүздеген оқушының ата-анасының жазбасын оқуға болады. Ата-аналардың көпшілігі базарлар мен сауда-ойын сауық орталықтары ашық тұрғанда, мектептер неге жабық деген уәжін айтып жатыр.

[caption id="attachment_6741" align="alignleft" width="960"] Наталья Раймның 4-ші және 7-сыныптағы ұлдары флешмобқа қосылды[/caption]

"Күнде шетелдегі жаңалықтарды оқып отырамын, Дамыған елдер онлайн оқудан құр бекер бас тартып жатқан жоқ қой. Жақында балалардың 65 пайызы ақпаратты интернет платформа арқылы қабылдай алмайды деген зерттеу оқыдым. Бұл балалардың 35 пайызы ғана сабақты түсіне алады, ал қалғаны сауатсыз болып қалады деген сөз", – дейді Н.Райм.

Флэшмобқа қосылған ата-аналар оқуға бір апта ғана қалса да, оқушылардың қалай оқитыны әлі күнге белгісіз дейді. Алматы қаласының қоғамдық кеңес отырысына қатысқан Ольга Агапова жиынға онлайн қатысқан мектеп директорлары мен ата-аналар қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннен бұл мәселенің анық-қанығын сұрамақ болғанын жазыпты. "Мектепке 1-2-сыныптар барады, ал 3-4-сыныптар жайлы әлі шешім шықпапты. Төртінші сыныптан жоғары оқитын балалар мүлде мектепке бармайды. Барахолка, сауда үйлері, базарлар істейді де, мектептер неге істемейді? Баланы қарайтын адам жалдаймыз ба, жұмыстан шығамыз ба? Бекшинге осы сұрақтарды қоймақ едік, ол жиынға келмей қойды", – деп жазады О.Агапова.

Н.Райм мектептер мен балабақшаларда індет жұқтыру қаупі жоқ деген ақпарат оқығанын айтады. "Роберт Кох атындағы зерттеу институты осындай ақпарат жариялады. Онда бас санитар дәрігер неге балалардың мектепте оқуына қарсы? Көптеген шешімде логика жоқ: тауды жауып тастайды, ал барахолка ашық. Ресейде өлім-жітім көрсеткіші жоғары бола тұра, балалар оффлайн оқиды, ал алматылық балалар үйден оқуға мәжбүр", – дейді Н.Райм.

Мәлім кз бұл мәселе бойынша Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинге хабарласып, пікір сұрады. Қаланың бас санитар дәрігері Балалардың әлемжелідегі флешмобын көрмеген болып шықты. "Мен оны көрген жоқпын, көрмеген нәрсе туралы не дейін. Ал мектеп бойынша әлі ештеңеге қол қоймадым", – деп қайырған Бекшин телефон тұтқасын тастай салды.

 

Байланысты жаналықтар

«Менің Қазақстаным»: Астанада 500-ден астам ардагер флешмобқа қатысты

28.08.2024

Көктемгі каникул — 11 күн

15.03.2024

Бекшин зейнетке шықпақ

24.12.2021

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

09.09.2021

Бекшин мен орынбасары вируспен емес, бір-бірімен соғысып жүр

23.04.2021
MalimBlocks
«Менің Қазақстаным»: Астанада 500-ден астам ардагер флешмобқа қатысты

Ардагерлер ел байрағындағы жарқыраған күн мен қалықтаған қанатты бейнеледі

Көктемгі каникул — 11 күн

Бекшин зейнетке шықпақ

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Алматыда оқу жылы басталғалы бері 89 оқушы вирус жұқтырған

Бекшин мен орынбасары вируспен емес, бір-бірімен соғысып жүр