Белгісіз пневмония COVID-19-дан да қауіпті ме?
Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанда коронавирустан да қауіпті пневмония тарағаны туралы мәлімет таратты. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты түсінік берді.
«Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда, өлім-жітімге анағұрлым көбірек алып келетін белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етеді. Айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Аурулардың халықаралық тізіліміне АХТ-10-ға пневмонияны есепке алатын кодтар енгізді. Мысалға, «күңгірт шыны» симптомы кезінде өкпенің зақымдануында, КВИ клиникалық және эпидемиологиялық түрде анықталғанысмен, зертханалық түрде расталмайды. Осыған байланысты Қазақстан өзге елдер сияқты осындай пневмония түріне мониторинг жүргізеді. Бұл коронавирус инфекциясына шалдығу және оның таралу жағдайын тұрақтандыруға бағытталған шешімдерді уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді. 9 шілде күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша жалпы елдегі жайдайды айтқанда, АКХТ-10 тізіліміне сәйкес «белгісіз этиологиядағы вирусты пневмония» бар деген.
Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық БАҚ-тың хабарламасы шындыққа жанаспайтынын мәлім етеді», - делінген министрлік жауабында.