«Бес батырдың» бірін атып кетті

Қытайлық жұмысшыларды соққыға жығып, бұзақылық бойынша іс қозғалып, қоғамдық резонанс тудырған оқиға кейіпкерлерінің бірі қайтыс болды.

  • 23.05.2022

Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының тумасы, бес батыр атанған азаматтың бірі Мұхаметалин Бейбіт Талапұлы қайтыс болды. Ол кезінде қытай азаматтарын соққыға жыққаны үшін шартты түрде сотталған.

Бейбіттің ауылдастарының айтуынша Бейбітті көршісі атып тастаған. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм аңшы мылтығының оғынан (бытыра) қаза болған. Оны атқан көршісі 1978 жылы туған Әділет Ақжалбеков қазір күзет астында отыр.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше оқиға кеше кеш бата болған.

«22 мамыр күні сағат 18:50 шамасында Ақсу ауданы Қызылағаш ауылындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан оқ тиген 35 жасар ер адамның денесі табылды. Полицияның жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ауылдасын өлтірді деген күдікпен 43 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Алдын ала белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіні 16 калибрлі аңшы мылтығымен атқан. Факт бойынша 99 бап (кісі өлтіру) негізінде тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Қару тіркіленіп, қылмыстық іс материалына тіркелді», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған екі азамат та азаматтық белсенді.

Оқи отырыңыз: «Ауылда екі сиыр бағатын жер жоқ»

2019 жылдың 7 қазан айында Алматы-Өскемен автожолының 303 шақырымында 1998 жылғы Қанат ЖАМБЫЛ есімді азаматты Лянг ЖЕНГ, Ченг ПЕНГЛИНЬ, Чанг ХУЙ есімді қытай азаматтары ұрған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып,10 тәулікке қамалған. Сол күннің ертеңінде Алматы облысына қарасты Ақсу ауданының бес тұрғыны қытай азаматтарымен төбелеседі. Бұл бес қызылағаштық осыдан кейін істі болып, ұзақ уақыт бойы тергелген. Бұл оқиға қоғамдық резонанс тудырып, қытайлық «Citic Construction» компаниясының жұмысшыларын ұрған бес жігітті «бес батыр» атап кеткен. Марқұм Бейбіт Мұхаметалин осы бесеудің бірі.

Ал, күдікті Әділет Ақжалбеков осы ауылдағы жер дауы кезінде көзге түсіп, жайылым мен егістік алқаптың жоқтығын айтып, жиі мәселе көтеріп жүрген.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.