Бір жылда  баспана бағасы қалай құбылды? 

Баспана құнының қымбаттауына жанама факторлар әсер етіп отыр

Malim Админ

  • 31.08.2022

Бір жыл ішінде жаңа баспананың құны 19,6  қайталама нарықтағы тұрғын үйдің бағасы 26,4 пайызға қымбаттаған. Ал жалдамалы пәтер құны ай сайын 0,4 пайызға шарықтап отыр.

Сарапшылар мәліметінше, шілде айынының өзінде жаңа пәтер - 0,5, ал бір жылда - 19,6 пайызға қымбаттаған. Екінші нарықтағы баспана бағасы бір айда - 0,8, бір жыл ішінде - 26,4 пайызға өскен.Жалдамалы пәтер бағасының өсімі айына - 0,4 пайыз шамасында. Ал былтырдан бері бұл баға - 20,8 процентке көтеріліпті.

Баспана құнының қымбаттауына жанама факторлар әсер етіп отыр. Мәселен, тұрғын үйге қызмет көрсету және жөндеу секторындағы қызметтер бір жылда - 15,3, құрылыс материалдары - 20,5 пайызға өскен. Бұл орайда импортқа тәуелділік жағдайды қиындатқанПәтер жалдауға деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда биыл үш есе артқан. Бұл - Ресей мен Украинадан көп келіп жатқан адамдар санына байланысты. Олардың басым бөлігі Алматыда қалса, кейбірі Ресейге жақын орналасқан қалаларға қоныстануда.

Аталған жайт тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуіне ықпал етіп отыр.Сонымен қатар маусым-шілде аралығында доллар бағамы көтеріліп, бір жылда теңге 11,6 пайызға арзандады. Доллардың орташа айлық өсімі - 7,6 пайыз. Сондықтан ұлттық валютаның құнсыздануы – баспана нарығындағы бағаға жанама әсер етуі мүмкін.

Фото: kazgazeta.kz   

Байланысты жаналықтар

Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

12.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

01.05.2025

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

21.04.2025

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

18.04.2025
MalimBlocks
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт өсті

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Ұлытау облысында 11 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтар үшін салынған

Мәсімовтің сатылымға шығарылған зәулім сарайының бағасы арзандады

Алғашқы жарнасы 117,9 млн теңге

Ипотекаға алған пәтерді жалға беру заңсыз болып саналады - заңгер

Бұл туралы заңгер түсіндірді