Бірнеше ауру тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енді

Қазақстанда бірнеше ауру түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қатарынан алынып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енді. Енді муковисцидоз, мукополисахардиоз, гипофиз нанизмі, миастения, бауыр-ми дистрофиясы, гипофиздің гормональді ісіктері, акремелгалия, ерте жыныстық даму тәрізді аурулар бойынша тегін медициналық көмек пен дәрі-дәрмек беріледі.
Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиал жетекшісі Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі жоғарыда аты аталған аурулар әлеуметтік маңызды сырқаттар тізіміне кіргізіп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жайлы бұйрыққа өзгерістер енгізген.
Сонымен қатар ол жыл басынан бері астананың өзінде ғана 190 313 науқасқа жалпы сомас 9,12 миллиард теңгеге тең 680 381 тегін рецепт берілгенін жеткізді. Олардың арасында балаларға да бірқатар ауру бойынша тегін дәрі-дәрмек берілген. Атап айтқанда, жедел распираторлық-вирустық инфекция бойынша 10 173 балаға, анемия бойынша 782 балаға, рахит бойынша 548 балаға, пневмония бойынша 2183 балаға, синусит пен аденид ауруы бойынша 525 балаға тегін дәрі-дәрмекке рецепт берілген.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Оралда куратор студенттерге арақ ішуге рұқсат берген
Орал қаласындағы жоғары көпсалалы Болашақ колледжінің оқытушысы әрі екінші курс студенттерінің кураторы Айгерім Жасталапқызы кәмелет жасына толмаған (16 жас) студенттерге арақ, вино ішуге рұқсат берген. Мұны растайтын аудиофакт Malim.kz редакциясына келіп түсті.