Болат Назарбаев ауырмапты. Тұсау кесіп жүр

Ұзақ уақыттан бері науқас екендігі, арбаға таңылып отырғаны көрсетілген-ді

Malim Админ

  • 10.03.2023

Әлеуметтік желілерде Болат Назарбаевтың дін-аман, кішкентай сәбидің тұсауын кесіп жатқаны бейнеленген видео тарады. Бейнежазбаны көрген көпшілік оның мұндай қуанышқа қалай тап болғанына таңғалып жатыр. 

Ал былтыр оның үстінен іс қозғалғанда, кейбір БАҚ өкілдері үйіне барған еді. Онда Болат Назарбаевтың  ұзақ уақыттан бері науқас екендігі, арбаға таңылып отырғаны көрсетілген-ді. Тіпті сөйлеуден қалғанын айтып, төндіргендер бар.

Көп ұзамай журналист Ибраш Нүсіпбаев оның ауырып жатқанына сенбейтінін айтқан. Әріптесіміз Қырғызстанның шекара қызметінің 2022 жылдың 6 қаңтарында таңғы сағат 05:30 шамасында Бөкеңнің «Ақ жол» бақылау-өткізу пунктінен өз аяғымен өтіп, 7 қаңтарда Бішкек әуежайы арқылы Дубайға ұшып кеткені жайындағы мәліметті алға тартқан еді.

Мына видеоның қашан түсірілгені белгісіз. Егер рас болса, сарапшылар айтқан «науқас Болатты көрсету арқылы туыстары қоғамның аянышын туғызғысы келеді, өйткені оның үстінен іс қозғалуы мүмкін» деген  пікір шындықтан алыс  болмағаны.   

Байланысты жаналықтар

Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

22.04.2025

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

15.04.2025

Шымкентте жүзден аса науқас мүгедектігін анықтау сараптамасына жіберілмеген

27.01.2025

Ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқастың жағдайы айтылды

28.12.2024

Қостанайда мас адам дәрігердің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

23.09.2024

Абай облысында ауруханада науқасқа мерзімі өтіп кеткен анестезия қолданған

30.07.2024
MalimBlocks
Емханаға түскен Руслан Берденов есін жиды

Операция төрт сағаттан астам уақытқа жалғасты.

«Жоспарды өзгерттік»: Ерке Есмахан жыл тойын кейінге қалдырғанын айтты

Өнер иесі дүркіретіп той жасаймын деген еді.

Шымкентте жүзден аса науқас мүгедектігін анықтау сараптамасына жіберілмеген

Медицина ұйымдарының 42 қызметкері жауапқа тартылды

Ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқастың жағдайы айтылды

Төртеуі жансақтау, екеуі травматология бөлімінеж жатыр

Қостанайда мас адам дәрігердің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен

Дәрігер науқасқа келген

Абай облысында ауруханада науқасқа мерзімі өтіп кеткен анестезия қолданған

Медициналық мекеменің 12 лауазымды тұлғасы ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша тәртіптік жазаға тартылып, әкімшілік айыппұлдар салынды.