Болат Назарбаев майнер екен

Қазақстандағы заңсыз майнингтік фирмалардың Болат Назарбаев пен Нұрлан Нығматулинге қатысы бар екені айтылып жатыр. "Отбасыға" тықыр таянып-ақ қалғаны ма?

Алмас НҮСІП

  • 15.03.2022

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық мониторинг кезінде Қазақстандағы заңсыз майнингтік фирмалардың Болат Назарбаев пен Нұрлан Нығматулинге қатысы бар екенін хабарлады. Бұл атаған екеуі де экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасында жиі аталады. Болат Назарбаев – бұрынғы президенттің туған інісі, ал Нұрлан Нығматулин Назарбаев дәуірінде ең жауапты қызметтер атқарған.

Бұл екеуінің көлеңкелі бизнеске қатысты аталып қалуынан не күтуге болады? Күні кеше Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын ескерсек, Болатқа да тықыр таянды деуге бола ма? Бұл тек Болат Назарбев қана емес, бүкіл «отбасыға» төнген қауіп болуы да мүмкін ғой. Өйткені, «майнерлердің» тізімінде «күйеу бала» Қайрат Шәріпбаев та жүр.

Оқи отырыңыз: Майнер деген кім, майнинг деген не?

«Өз жұмысын тоқтатқан майнингтік компаниялар арасында Павлодар облысында атақты кәсіпкер Болат Назарбаев пен Александр Клебанов, Ақтөбе облысында QazaqGaz Ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысында тағы бір белгілі кәсіпкер Ерлан Нығматулиннің үлескерлігімен майнингтік фирмалар жұмыс істеп келген», - деп мәлімдеді агенттік өкілі.

Агенттіктің хабарлауынша жасырын жұмыс істеген 55 ферма анықталған. Олар арнайы экономикалық аймақта орналасқан және электр желілеріне заңсыз қосылып, салық төлемеген. Қазір соның барлығы «өз еркімен» жұмысын тоқтатып, құрылғыларын бөлшектеп, жинап алған. Енді мемлекеттік органдар бұл құрылғылардың қайтадан іске қосылып кетпеуін қадағаламақ.

Осыдан бір ай бұрын төрт күн ішінде 36 заңсыз майнинг фирма ұсталып, одан сәл бұрын Қазақстан криптовалюта желісі бойынша әлемде екінші орыннан көрініп, айды аспанға бір-ақ шығарған. Қазақстан түгілі алпауыт Ресей мен Қытай шектеу енгізіп, тыйым салып жатқанда, біздің елдің әлемнің алдынан көрінуінің сыры енді белгілі бола бастаған сияқты. Кез келген салық төленбеген бизнес экономикаға салмақ. Оның үстіне энергиялық апатқа соқтыруы мүмкін бұл жүйе өте пайдалы табыс көзі саналады.

Қазақстанға бұл жүйенің дендеп еніп, дамып кетуінің себебін сұрағанда Энергетика министрі Болат Ақшолақов:

«Энергетика министрлігі елге ешқандай майнерлерді шақырған жоқ. Оның үстіне, бұл тапшылыққа әкелетінін білсек, шақырмас едік. Себебі негізгі міндетіміз – жүйенің үздіксіз жеткізілуін және сенімділігін қамтамасыз ету. Әрине, бұл бізге қойылатын сұрақ емес. Еркін нарық, солай келген шығар. Оларды кім шақырғанын білмеймін. Мүмкін оларды шақырудың, арнайы шақырту берудің қажеті де жоқ шығар. Қалай болғанда да елімізге келді. Оларды Энергетика министрлігі ретінде шақырған жоқпыз», – деп жауап берген.

Ақшолақов азар да безер болып, «мен шақырғам жоқ» дегенде, кімдерді нұсқағанын енді түсінікті болған сияқты.

Бір қызығы, бұл мәлімдемелерде бұл майнингтік компаниялардың ендігі тағдыры не болатыны туралы сөз айтылмаған. Салық төлемесе, электр желілеріне заңсыз қосылса, қандай да бір қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылуы керек қой. Және оның негізгі «крышалары» мұндайда арнайы мәлімдеме жасап, ақталып жатуға тиіс. Мәжілістің төріндегі орнын өткізіп беріп, «шет елге отбасымен ауа көшкен» Нығматулиннен хабар жоқ, әйтпесе, өзінің інісі мынадай лас тізімнің арасында аталып жатқанда қалай да бар екенін білдірсе керек еді. Біресе Дубайда, біресе Еуропада екен деп жүрген Болат та қазір тым-тырыс. Үлкен Назарбаев дәуірлеп тұрғанда оның айналасындағыларға қатысты мұндай жел сөз шыға қоймайтын. Соған қарағанда, жақын арада тағы біраз қылмыстар ашылып, жайындар ұсталып жатса, таңғала қоймайтын сияқтымыз.

Болат Назарбаев пен Нығматулиндердің Қазақстандағы бизнесі туралы аз айтылған жоқ. Олар өндірістен, базардан, тендерден, жерден, судан, бәрі-бәрінен ақша жасайды, оған таңғалуды қойғанбыз. Енді міне ауадан ақша жасайтындардың тізімінен бір-ақ шықты. Агенттік «үлескерлігімен» жұмыс істеп келген дегені жай сөз, бұл аталған фирмалардың «крышасы» «отбасыға» барып бір-ақ тіреледі деген сөз. Ал, бұл өз кезегінде кез келген бизнестің қарыштап дамуына мүмкіндік беретін керемет мандат.

Байланысты жаналықтар

Вакцина салдырайын десең

18.05.2021

«Астана» спорт клубындағы сыбайлас жемқорлық

03.03.2020

Алматыда бейбітшілік шеруі өтті

28.02.2022

Бесконтрольное «развитие» Алматы возмутило общественников

13.09.2022

В Шымкенте впервые проходит олимпиада в новом формате

26.04.2021

Қызылордада нарызылық қызып тұр

15.04.2020
MalimBlocks
Вакцина салдырайын десең

«Астана» спорт клубындағы сыбайлас жемқорлық

Алматыда бейбітшілік шеруі өтті

Бесконтрольное «развитие» Алматы возмутило общественников

Алматинские общественники недовольны качеством обсуждения «Программы развития города Алматы до 2025 года и среднесрочные перспективы до 2030 года». Документ уже презентовали накануне в маслихате.

В Шымкенте впервые проходит олимпиада в новом формате

Қызылордада нарызылық қызып тұр