БҚО шенеунігінің төрт жылға бас бостандығы шектелді

Өскеменнің №2 сотында БҚО бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болған Мәди Отарбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды.

Есенжол Елекенов

  • 15.09.2023

Мәди Отарбаев қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар сот Отарбаевқа мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салды.  

Сот қаулысында Отарбаев қылмысқа 2016 жылы барғаны айтылады.

– Отарбаев «UK STROY GROUP» ЖШС үшін пайда табу мақсатында қызметтің мүдделеріне қайшы, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, «UK STROY GROUP» ЖШС-нің жұмыстарының түрлері мен көлемін нақты орындамағаны, құрылыс материалдарын сатып алмағанын біле отырып, 2016 жылғы желтоқсанда орындалған жұмыстарды қабылдаудың №1 актісіне қол қойды. 2016 жылғы желтоқсандағы орындалған жұмыстың құны мен шығындары туралы анықтама, сондай-ақ құрылыс материалдарының атаулары, саны мен бағалары көрсетілген №1 жауапты сақтау шарты, «Өскеменде арнайы ХҚКО құрылысы» объектісіне арналған қағазға қол қойған, ал олар іс жүзінде жоқ»,- делінген үкімде.

Отарбаев қол қойып, орындалған жұмыстарды қабылдаудың №1 актісі негізінде «UK STROY GROUP» ЖШС шотына 149 миллион теңге көлемінде қаражат аударылған. Оның 77,8 миллион теңгесі – бюджет қаражаты.

Мәди Отарбаев сот залында қамаудан босатылған. Енді ол пробациялық бақылауда болады.

Айта кетейік, 11 қыркүйекте Мәди Отарбаев «Қордай» шекара бекеті арқылы елден қашып кетпек болған кезінде ұсталған еді.

Байланысты жаналықтар

Өскеменде жаңа мешіт ашылады

17.09.2024

«Eastiler» - мықты жастардың ортасына айналған ұйым

16.09.2024

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды

04.09.2024

«Таза Қазақстан» : Өскеменде 100-ден астам эко-шара өткізілді

04.09.2024

Өскеменде қазақ тілінде білім беретін мектеп ашылды

01.09.2024

Өскеменде қала әкімі караокемен ән шырқап, жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

31.08.2024
MalimBlocks
Өскеменде жаңа мешіт ашылады

Ашылу салтанаты қыркүйектің 27-не жоспарланған

«Eastiler» - мықты жастардың ортасына айналған ұйым

«Eastiler» атауы бірнеше мағына береді: «дауысымыз билікке, халыққа естілер», «есті жандар, ақылдылар», «шығыстықтар»

Өскеменде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жүлдегерлері марапатталды

«Таза Қазақстан» : Өскеменде 100-ден астам эко-шара өткізілді

Бүгінгі таңда су қоймаларын  жақсарту бойынша ауқымды жоба дайындалуда

Өскеменде қазақ тілінде білім беретін мектеп ашылды

1 қыркүйек – Білім күні Өскемендегі Нұрлы жол шағын ауданында ірге көтерген жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды.

Өскеменде қала әкімі караокемен ән шырқап, жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Қалада Контитуция күні мен қала күніне орай бірнеше шара ұйымдастырылған