Даниал Ахметов дұрыс түсіндірмеген бе? Шығыс көмірге таласып жатыр

Өскеменде көмірге ұзын-сонар кезек пайда болды

  • 23.09.2021

Өйткені қыс басталмай жатып қалада тағы көмір тапшы. Қатты отын сатылатын жерлерде ұзын-сонар кезек. Бірнеше күннен бері кезек күтіп, кейбір жандар көлік ішінде түнеуге мәжбүр. Жүздеген шақырымды артқа тастап, әдейі келген. Алайда әлі де бірнеше күн күтуге тура келетін сыңайлы. Бұл жағдайдан  облыс әкімі де, қала әкімі де хабардар. Алайда бұл мәселе  шешілмей келе жатқаны тұрғындарды толғандырады.

«Күні бойы бір орында тапжылмай тұрмын. Көліктер тізіліп, кезек баяу жылжуда. Оның үстіне әр адамға 3 тоннадан ғана көмір беруде. Алты ай қыс болатын өңірге қалай жетпек»,-дейді Асқар есімді азамат.

Қала тұрғындары  көмір алу үшін таңғы сағат  5-тен келеді. Кезектегілер таласып-тармасып алып жатыр. Кейбіреуі бір алғаннан кейін, екінші рет қайта кезекке тұрып жатқандарда бар. Ал теміржол тұйығының басшысы көмірдің жоқтығына «Қаражары» кен орнын кінәлап отыр.

«Қатты отын жеткілікті келмегендіктен, кезек күткен адам көбейіп кеткен. Тасымалдайтын вагондарда өте аз. Көмір аз қалды. Қашан келетіні белгісіз»,- дейді терминал директоры Нұржан Қазиев.

Көмір жетпей қала ма деп алаңдап, кезекке таласқан жұрт 2018 жылғы қанды оқиға қайталанама деп қорқады. Естеріңізде болса, Қаражыра көмір кенішінде көмір кезегінде жанжал шығып, оның соңғы адам өліміне әкеліп соққан еді. Сол оқиғадан кейін, былтыр 2020 жылы шілде айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов "күзде дүрлікпеу үшін көмірді ертерек сатып алуды тұрғындарға түсіндіру керек" деген еді. Бүгінгі жағдайға қарағанда биыл Даниал Ахметовтің қол астындағылары түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбегендей.

Сәке Әкімбай

Байланысты жаналықтар

Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

28.12.2022

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

14.12.2022

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

12.12.2022

Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттар үшін бюджеттен 12 млрд жұмсалады

13.06.2022

Шұңқырдағы жазу: Ең жақсы өзгеріс – Омардың отставкасы

26.05.2022
MalimBlocks
Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

Өндірісті шaһaр Өскеменде көптен бері жел еспей, қaлa көк түтінге оранып тұр.  Соның салдарынан өскемендіктердің бaсы aуырып, тaмaғы қышып, бойлaрын әсіздік билей бастаған.

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке «сәлем» жолдады. Ол ШҚО әкімінің осыдан бірнеше күн бұрын айтқан сөзіне кереғар пікір білдіріп, жылыту жүйелеріндегі ақауға тек үкімет қана емес, әкімдер де кінәлі екенін айтты.

Жаңа облыстардағы әкімшілік ғимараттар үшін бюджеттен 12 млрд жұмсалады

Жаңа құрылған Алматы, Жетісу, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында әкімшілік ғимараттарды сатып алу, жөндеу және жалға алу үшін 12 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Шұңқырдағы жазу: Ең жақсы өзгеріс – Омардың отставкасы

Өскемен қаласының автожолдарындағы шұңқырларда «Ең жақсы өзгеріс - Омардың отставкасы» деп жазылған тақтайшалар пайда бола бастады.