ДДСҰ не дейді, Біртанов не дейді?

Malim Админ

  • 05.06.2020

Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ өзі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) болжамдарын мысалға келтіреді, бірақ басқа нәрсе айтады. Соңғы кездері жасап жүрген мәлімдемелері осындай қайшылықтарға толы.

Мәселен, ДДСҰ-ның Еуропадағы басшысы Ханс КЛЮГЕ екі күн бұрын ғана коронавирустың екінші толқыны қыркүйекте басталатынын айтты. Бұл, әрине, ДДСҰ өкілінің жеке болжамы емес, ұйымның зерттеуінің қорытындысы.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус баспасөз мәслихатында көптеген елдер карантин шараларын әлсіреткенде, індеттің жаңа ошақтары пайда болатынын айтты. Осы ұйымның төтенше жағдайлар жөніндегі сарапшысы Майк Райанның айтуынша, бұл коронавирустың "екінші толқыны емес, біз әлі бірінші толқынды еңсермедік".

Ал, 1992 жылдан бері осы ұйымның мүшесі болған Қазақстанның денсауминінің болжамы мүлде басқа. Министр Біртанов «екінші толқынды» Қазақстанға әкеліп алыпты.

"Қазақстанда бірінші толқын өтіп кеткен. Сәуір айында коронавирус инфекциясының шарықтау шегі болды. Одан кейін науқастардың саны төмендей бастады», - дейді ол онлайн брифингіде.  

Ұмытпасақ, коронавирустың ең көп тіркелген уақыты сәуір емес, мамыр айы болатын. Мамырдың соңғы күні вирус 476 адамнан анықталып, рекордтық көрсеткішке жеткен, ал, сәуірдегі негізгі көрсеткіш 200 адамнан тек соңғы күні асты (264 адам). Бірақ, мұның өзін мамырдағы «жоғарғы көрсеткіштердің» басы деп есептеу керек, әйтпесе, сәуірдегі орташа көрсеткіш – 100-дің айналасында болды. Министр айтып отырған «одан кейін төмендей бастады» деген сөз де күмәнді. Факт бойынша, мамыр айының 2-сіне дейін ауырғандар саны 200-дің айналасынан азайған жоқ, тек 3 мамыр күні 63 адамға түскен. Министрдің «төмендей бастады» деп отырғаны осы болса керек. Әйтпесе, 4 мамырдан бастап-ақ қайтадан 200-ді төңіректеп жүрді. Демек, мамырдағы көрсеткіш тек өсумен болды.

Сәуір айының соңындағы көрсеткіш бойынша барлық ауырғандар саны – 3402 адам болса, 31 мамырдағы жалпы көрсеткіш – 10 858. Сәуір мен наурыз айын қосқанда 3402 адам ауырады, ал, мамыр айының өзінде 7456 адам. Бірақ, бас дәрігеріміздің сөзі бұл көрсеткішке мүлде кереғар – «төмендей бастады». Сөйтсек, министрдің айтып отырғаны басқа нәрсе екен:

«Ал мамырдың ортасында тағы күрт көтерілді. Негізі Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны жүріп жатыр».

Бұл кезде ДДСҰ екінші толқын күзде болуы мүмкін деп қана жалпылама болжап жүрген, ал, Біртанов екінші толқынның келіп алғанын сол кезде-ақ біліпті.

«Коронавирустың екінші толқыны қыркүйек айында басталып, маусымдық тұмаудың таралу уақытына сәйкес келуі мүмкін», - дейді ДДСҰ өкілі.

Біртанов та осы маусымдық тұмау туралы айтады, бірақ, оның көрсетіп отырған уақыты басқа:

«Коронавирустың келесі толқыны тұмаудың маусымдық эпидемиясымен бірге қазан айында болады деген болжам бар. Иә, дәл сол уақытта коронавирус инфекциясы күшейеді деп есептейміз».

Біздің министр әлемде ешбір ел коронавирусты әлі толығымен жоймағанын айтып, одан құтылудың екі жолын атап көрсетті: біріншісі – вакцина ойлап табуылу керек; екіншісі – инфекцияның өзі әлсіреу керек. Ол болмаса, екінші толқыны да, үшінші толқыны да келе береді.

Ал, ДДСҰ COVID-19 вирусының шектеулерді алып жатқан елдерде қайта көбейіп жатқанын айтады. Қазақстан сияқты күннен күнге асқынып бара жатқан елдерді айтпағанда, Еуропаның шынымен ауру азайған мемлекеттерінің өзін босаңсымауға шақырып, күздегі екінші толқынға дайындалуға шақырып жатыр.

Біртанов та Қазақстан азаматтарын сақтық шараларын сақтауға шақырады. Бірақ, сөзінің соңында бұл ұсынысына мүлде сәйкеспейтін сөз айтады:

«Бірақ қатаң карантин режимін сақтау мәселені шешпейді. Әрине ауру деңгейі күрт өскен кезде карантин әсер етті, бірақ оны тек критикалық жағдайларда қолданған абзал».

Бір қызығы, қатаң карантиндік шараны енгізіп, аурудың бетін қайтаруға болатынын өзі де жоққа шығармайды. Бірақ, бұл мәселені шешпейді...

Осыдан кейін Біртановты түсініп көр.

P.S.: Біртанов айтқандай, Қазақстанда елден ерек пандемияның екінші толқыны басталып кеткені рас болса, бірінші толқын мен екінші толқынның арасындағы үзіліс қай кезде болды екен? Әлде, әлем көрмегенді көріп қоятын министр екі толқынның арасын әлгі 63 адамдық көрсеткіштен бірінші толқынның аяқталғанын байқап қойды ма  екен...

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

21.09.2024

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

10.09.2024

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

05.09.2024

Африка елдеріне 230 мыңға жуық вакцина жеткізіледі

03.09.2024

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

03.09.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

Шекарада екі күнде 12 заңбұзушылық анықталған

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

Ауруханаға жалпы 16 адам жатқызылды

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды

Африка елдеріне 230 мыңға жуық вакцина жеткізіледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін жаһандық төтенше жағдай деп жариялады

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы