Депутат: Шетелден асыл тұқымды мал алудың соңы жұтқа әкелді

Былтыр Маңғыстауда 4883 мал басы өлсе, биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 1332 бас мал өлген.

Абай Нұржанұлы

  • 16.06.2021

Депутат Еділ Жаңбыршин жем-шөп тапшылығынан малы қырылып, жылқысы тұралап жатқан Маңғыстау мен Қызылорда облысындағы жұт туралы айтып, елімізде мал шаруашылығын дамытуға және оның азығын дайындауға арналған жүйелі жұмыстың жоққа тән екенін жеткізді. Сондай-ақ вице-премьер Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдады. 

«ХХІ ғасырда ғарышты игеріп, Аустралия мен Канадан асыл тұқымды мал алдырып, дүниенің бәрін цифрландырып жатқанда, малға азық тауып бере алмай жатқанымыз өте ұят! Тиісінше, бұл жағдай мал шығынына әкелді. Былтыр Маңғыстауда 4883 мал басы өлсе, биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 1332 бас мал өлген. Бұл тек тіркелген мәлімет. Қызылорда облысында да 481 бас мал қырылды.

Маңғыстауда шөп пен арпаның бағасы аспандап кетті. Бағаны көтеріп отырған - делдалдар. Осы зауалдың кесірінен қаншама отбасы ауыр жағдайға ұшырады, қаншама шаруашылық жер сипап қалды? Оның есебі бар ма? Осындай жұтта халыққа қалай көмек береміз?», - деді Еділ Жаңбыршин.

Мәжіліс депутаты жұт жайлаған нақты аймақтарда төтенше жағдай жариялауды сұрап, бірнеше ұсыныс айтқан.

  • Қалыптасқан жағдайларға байланысты жұт жайлаған нақты аудандар мен аймақтарда шұғыл түрде жергілікті дәрежедегі төтенше жағдай жарияланып, оларға тиісті бюджеттік көздерден және материалдық қорлардан нақты көмектер көрсетілуі тиіс;
  • Зардап шегіп жатқан аудандарға мал азығын жеткізу үшін көрші облыстардан тасымалданатын мал азығының жол шығындарын субсидиялап, тиісті әкімшілік-басқару шараларын іске асыру қажет;
  • Қуаңшылықтан қиындық көріп отырған өңірлерге басқа облыстардан тез арада мал жаюға және мал азығын дайындауға жер телімдері уақытша пайдалануға беру;
  • Мұндай жағдай алдағы уақытта орын алу ықтималдығын ескеріп, мал шаруашылығымен айналысатын тұлғаларға жедел көмек көрсету, сақтандыру, аймақ аралық қатынастарды жүйелеудің нақты, кешенді механизмдері мен алгоритмдерін жасақтауы тиіс.
Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды