Елге болсын деген еріктілер

Астана бойынша 20-ға тарта волонтерлік ұйым  тіркелген

Олжас Қасым

  • 15.11.2023

«Жақсылық жүрген жерде тапшылық болмайды» дейді. Елімізде көмекті қажет ететін  жандардың мұң-мұқтажын өз еркімен  өтегісі келетін  волонтерлердің саны көбейіп келеді. Мемлекет бойынша еріктілер жұмысының қарқын алып келе жатқанының бір көрінісі  -  волонтерлер жылының атап өтілуі.  Қазіргі таңда елорда бойынша 20-ға тарта  астам волонтерлік ұйым  тіркелген. Олар  түрлі бағытта жұмыс істейді. Айталық, мегаполисте  «Астана жастары» волонтерлер қозғалысы 5000 ынталы азаматты бір арнаға тоғыстырған.  Мейірім сәулесін өзгелерге таратып жүрген ерікті жандар арамызда аз емес. Елдің алғысын арқалаған азаматтардің бірегейі  -  Аян Бауыржанұлы.  Ол 16 жасынан бастап волонтерлік іспен айналысып келеді.  Ізгілікті ту еткен волонтер карантин кезінде де мұқтаж жандардың қажеттілігін өтеген.   

 «Мен өзім «Астана жастарына»  12 жыл бұрын алғаш рет волонтер болып тіркелген едім. 2-3 жылдай ерікті ретінде қоғамдық қызметте жүрдім.    Университет  оқып жүрген кезде бізде белсенділердің басын қосатын көптеген ұйымдар болатын. Волонтерлік қызметіміз сол уақыттан  бастау алды. Содан бері бірнеше жыл өтті.   Әрбіріміз үшін жұмыс таптым, оқуды бітірдім,  енді  волонтер болмаймын деген түсінік қалыптаспауы  тиіс»,-дейді Аян  Ерментаев.               

Мейірбан жандар  «жақсылық жасасаң еселенеді» деген пікірде. Осы ұйымның тағы бір мүшесі Меруерт Ескермес ерекше балаларды тегін жаттықтырып жүр.  Оның бұл жолға келуінің бір себебі – мектепте оқып жүргенде әлімжеттікке ұшырап, қатарластарымен түсінісе алмауынан туындаған. Сонымен қатар, анасының сырқатқа шалдығуы да жүйкесіне салмақ түсірген. Алайда, өзін өзі қамшылаған бойжеткен мұқтаж жандарға жәрдемдессем деген оймен «Астана жастарының» санатына қосылуды жөн санапты. 

«Физиологиясы ерекше ұл-қыздарды емдеу барысында абилитацияның тиімділігі көп. Яғни, бұл спорт пен бейімдік бағыттағы дене шынықтыру жаттығулары. Осы екеуі мүгедек балалардың алаңсыз шынығуына, ұдайы жаттығуына жол ашып отыр. Негізінен бес жас пен он сегіз жас аралығындағы сал дертіне, аутизмге шалдыққан бүлдіршіндерді сауықтырумен айналысамыз»,-деп түсіндіреді М.Ескермес. 

Ол онымен тоқтап қалмай, шаһардағы емханаларда балалар онкологиясы бойынша үйірмелердің ашылуына мұрындық болып келеді. 2019 жылдан бері 60-қа мастер класс пен  мотивациялық шаралар өткізіпті. Мұның бәрі жас өрендердің қиындыққа мойымай, тың дағдыларды меңгеріп, кейін кәсіп ашып, өмірден жол табуына мүмкіндік береді. 

Ал Қарағанды облысында бүгінде 100-ден астам волонтерлік ұйым бар. Құрамындағы жастар саны қазір 5 мыңға жетіп үлгерген. Еріктілер апта сайын қайырымдылық шарасын ұйымдастырады. Олар 350 адамға тамақ пісіріп таратады. Жастарды біріктіретін мейрімді жүрек, таза ниет. Михаил Максимов бастамашы болып жүрген  қайырымдылық шарасы   5 жылдан бері   ұйымдастырылып келеді.   Еріктілер бастапқыда 30 адамды тамақпен қамтыса, бүгіде олардың саны  350-ге жеткен.    

Волонтер Михаил Максимовтың айтуынша, шаһарда  әр жұма сайын аз қамтылған отбасыларға арналған ас мәзірі өзгеріп тұрады.  Игілікті істі қысы жазы үзбеу үшін 1 млн теңгеге  дала асханасын сатып алған. Әр аптада  бұл игілікті іске 150 мың теңге жұмсалады. Азық түлікке қаржыны қарапайым халық пен демеушілер жинайды.  Ыстық тамақтан бөлек, тандыр нан, тәтті тоқаштар мен кәмпиттер үлестіріледі. Волонтерлар тегін шаш қию акциясын да ұйымдастырады.  Ізгі ниетті жандар қайырымдылық жасау  бізді  жан рахатына бөлейді дейді. Еш себепсіз жақсылыққа жақ болып жүрген азаматтар көпке үлгі.        

Байланысты жаналықтар

«Жаңа Адамдар» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін еріктілер орталықтарын ашады

12.04.2024

Қиын кезеңде халықты бірлікке шақырып, қолдау қажет

11.04.2024

Еріктілер Ақтөбедегі 50 үйдің 30-ын су тасқынынан құтқарып қалды

10.04.2024

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

08.04.2024

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

08.04.2024

Су тасқыны: Қостанайда мыңнан аса ерікті құтқарушыларға көмекке келді

07.04.2024
MalimBlocks
«Жаңа Адамдар» су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін еріктілер орталықтарын ашады

Бұл жерде тек киім-кешек, азық-түлік пен қажетті керек-жарақ жиналмайды.

Қиын кезеңде халықты бірлікке шақырып, қолдау қажет

Өз аудиториясын пайдаланып хайп жинауға емес, елді біріктіріп, көмек жинауға шақырып жатқан блогерлер барлық алғысқа лайық.

Еріктілер Ақтөбедегі 50 үйдің 30-ын су тасқынынан құтқарып қалды

Табиғи апат ел азаматтарын біріктірді.

Су тасқыны: Еріктілер Құлсары қаласындағы Жем өзенінің сағасына қап төсеп жатыр

Осы қап төсегеннің арқасында 5-ауыл су басудан аман қалды дейді тұрғындар.

Су тасқыны: Құлсарыда зардап шеккендерді маңғыстаулық тұрғындар өз ауылдарына әкетіп жатыр

Ерікті тұрғындар мектеп, мешіт және үйлерде оларға жататын орындары мен ас-суларын дайындап қойған.

Су тасқыны: Қостанайда мыңнан аса ерікті құтқарушыларға көмекке келді

Барлық күштер үлкен көпір арқылы болуы мүмкін тасқынды азайтудың алдын алып жатыр.