Футболист Сейілда Байшақов өмірден озды

Қазақ футболының аңызы, ҚР ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды. 

Malim Админ

  • 12.07.2023

Орталық қорғаушы позициясында ойнаған Сейілда Икрамұлы КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнаған.

Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді. 

1966-1967 жылдар аралығында - «Қайрат» (Жамбыл)

1968-1970 жж. - «Энергетик» (Жамбыл)

1971 жылдан 1981 жылға дейін - «Қайрат» (Алматы)

1971 жылы «Қайрат» құрамында теміржолшылардың Халықаралық спорт одағының кубогын жеңіп алды.

1977 жылы ол КСРО ұлттық құрамасының құрамында 1978 жылғы FIFA Әлем кубогының іріктеу матчтарына қатысты.

1972 жылы оған «КСРО спорт шебері» атағы берілген. 

2020 жылы «Парасат» мемлекеттік орденімен марапатталған. 

Байланысты жаналықтар

Футболист Әлібек Батырбеков жол апатынан қаза тапты

19.07.2023
MalimBlocks
Футболист Әлібек Батырбеков жол апатынан қаза тапты

Бірнеше футбол клубтарының бұрынғы ойыншысы, балалар мен жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы Батырбеков Әлібек Асылбекұлы жол апатынан қаза тапты.