Ғалымдар коронавирусты анықтайтын тестті жетілдіріп жатыр

Malim Админ

  • 17.04.2020

Отандық ғалымдар коронавирусты анықтайтын тест әзірлеуді жалғастырып жатыр. «Ұлттық биотехнология орталығы» Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен мамыр айында алты мың дана тест шығаруды жоспарлаған. Бұл жүйе полимеразды тізбекті реакция арқылы адамның бойында қауіпті індеттің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, өзге елдерден тест жеткізілгенге дейін, Қазақстанда осы институт әзірлеген жүйе қолданылды. Ақпанда 250 адамнан алынған алғашқы үлгілерді зерттей келе, ғалымдар 2500 тест жүйесін жасап шығарған. Қазақстандық тест жүйесі тексерістен өтіп, оның шетелдегіден еш кем емес екені дәлелденді. Сондықтан институт жұмыс көлемін арттырып, тесттерді конвеерлік тәсілмен шығару жолдарын қарастырып жатыр.

Қасым Мұқанов, «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директорының орынбасары: «Тест жүйелерді үлкен мөлшерде шығарып, экспорттау үшін оған инфрақұрылым керек, эксперементалдық биокомбинат керек. Бұндай биокомбинат қазіргі таңда өкінішке орай бізде жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында осындай биокомбинат салуға қаржы бөліп, қазір соған қажетті құжаттарды дайындап жатыр», – деді.

Айта өту керек, коронавирусты анықтайтын тест жүйесін қазақстандық ғалымдар 6 күннің ішінде ойлап шығарған. Қазақстандық ғалымдар ДДСҰ жариялаған COVID-19 вирусының геномдық ақпаратын пайдалана отырып синтез жасаған. Ұлттық биотехнологиялық орталықтың мамандары өз өнімдерінің қытайлық не ресейлік тесттерден еш кем түспейтінін айтып отыр.

Байланысты жаналықтар

COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

20.09.2024

COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

03.04.2024

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

16.05.2022

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

16.09.2021

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

12.07.2021

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ

30.06.2021
MalimBlocks
COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің ғалымдары COVID-19 вирусының неден тарағанына қатысты зерттеу жүргізген

COVID-19: Вакцинаның өлім тудыратыны рас па

Қазнетте Covid-19 вакцинасының өлімге әкелетін вирусты қолдану арқылы жасалғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

217 мыңнан астам астаналық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ