"Казфосфат" жұмысшылары ереуілге шықты. Басшылық кешірім сұрады

Мекеме басшысы жұмыстан кетті

Malim Админ

  • 23.11.2022

Тараздағы «Қазфосфат» зауытының жұмысшылары жаппай нарызық білдірді. Олар кәсіпорынның қазіргі басшылығын алып тастауды талап етті. 


Оқиғаға байланысты Жамбыл облысы әкімдігі  түсініктеме берді 

«2022 жылдың 23 қарашасы сағат 11:40 шамасында «Қазфосфат» қызметкерлері арасында түсінбеушілік туындады. «Қазфосфат» ЖШС-ға қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестеріне дөрекі сөйлеген. Соның салдарынан түсінбеушілік болған», - деп мәлімдеді басқарма.

Halyq uni сайтының мәліметінше, Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Қазфосфат» ЖШС-ға қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрады. Ол жұмыстан шығарылды, - делінген ақпаратта.

Еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, шамамен 200-ге жуық наразылық білдірген.

«Осы оқиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір кәсіпорындағы ахуал тұрақтанды. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында», - деп хабарлады еңбек инспекциясы басқармасы.

Айта кетейік, бүгін  жүздеген қызметкер «Қазфосфат» ЖШС-ға қарасты «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» филиалы маңында жиналды. Қызметкерлердің айтуынша, мекеме басшылығы жұмысшыларды балағаттаған.    

Фото Нурадин Ракайдың фб парақшасынан алынды. 

Байланысты жаналықтар

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

22.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

04.05.2025

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

11.04.2025

АҚШ қалаларында Трампқа қарсы ереуілдер өтіп жатыр

06.04.2025
MalimBlocks
Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

Таразда депутат соққыға жығылды

Таразда пойыз, жолаушылар автобусы және жеңіл көлік соқтығысқан

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

Илон Маскқа ашулы белсенділер Tesla көлігін қиратып тастады

АҚШ қалаларында Трампқа қарсы ереуілдер өтіп жатыр

Америка қоғамының либералдық бөлігі Трамп күш қолдана ма деп үрейленеді