Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Коронавирусқа байланысты наурыз мерекесі тойланбайды

Сұқбат
Коронавирусқа байланысты наурыз мерекесі тойланбайды

Ералы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте коронавирусқа қатысты қабылданып жатқан шараларға қатысты наурыз мерекесі тойланбайтынын атап өтті. Оның сөзінше үлкен жиындардың ешқайсысы өтпейді.

«Наурыз үлкен мейрам, бірақ, ең маңыздысы – адам өмірі. Көп адам жиналатын жердің бәріне тыйым салынады. Ал, көрісу мерекесіне орай адамдардың бір бірімен амандасуды ешкім қадағалай алмайды. Бірақ, бұрынғыдай 500-1000 адам жиналатын жиындарға тыйым салынады», - деді ол.

Сондай-ақ, бұдан былай елімізде өтетін спорттық шаралардың бәрінде қауіпсіздік күшейтіледі. Әзірге ешқандай спорттық кездесулер кейінге қалдырылмайды.

«Коронавирусқа қатысты спорттық шаралар тоқтамайды, бірақ жанкүйерсіз өтеді», деді осы брифингке қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА.  

Сондай-ақ, кейбір қауіпті елдерге баратын рейстер қысқарады, дегенмен әзірге шекара толықтай жабылмайтыны айтылды. Өзге елдерге бару үшін билет алып қойған азаматтардың билетті қайтаруына, ауыстыруға мүмкіндіктер қарастырылған. Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ азаматтарға қауіпті саналатын елдерге бармауға кеңес берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу