Мешіт қызметкері балаларды үйіне апарып, соққыға жыққан

Эмоциясын тізгіндей алмай, кәмелетке толмаған балаларды сабаған

Malim Админ

  • 16.06.2023

Әлеуметтік желіде көкала қойдай болып  сабалған  7 және 9 жастағы екі баланың видеосы тарап, азаматар шу көтерді.  Желі қолданушылары  оқиға медреседе болған деген пікір жазып жатыр. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауап берді.

«Оқиға Шымкент қаласында болған. Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындары – ағалы-інілі Сейітқожа, Есенқожа Ешмұратовтар өз ұлдары Батырхан мен Әлиханға сыныптасы – «Таспау Сәлімбай» мешітінің ұстазы Рүстем Асқаровқа үй жағдайында діни сабақ беруді өтінеді.

Өкінішке қарай  мешіт ұстазы Рүстем Асқаров өзге тұрмыстық мәселелер бойынша ашуланып, өз эмоциясын тізгіндей алмай, кәмелетке толмаған балаларды аяусыз соққыға жыққан.

– Шымкентте балаларды сабаған мешіт ұстазы жұмысынан босатылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді.

Біріншіден, бұл оқиға медреседе болмаған. Екіншіден, «Құран сүрелерін дұрыс оқымағаны үшін балаларды ұрды» деген пікір шындыққа жанаспайды. Оқырмандардан мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей тұрып алдын-ала болжам айтуға асықпауды сұраймыз», - деп жазды А. Қонарбайұлы фейсбук  желісінде.    

«Таспау Сәлімбай» мешітінің ұстазы Рүстем Асқаров кәмелетке толмаған балаларды үй жағдайында оқытып, оларға қол жұмсап, дін қызметкерінің этикасын қатаң бұзған.

Кеше, 2023 жылдың 15 маусымында Рүстем Асқаров Бас мүфти бұйрығымен «Таспау Сәлімбай» мешітінің ұстазы қызметінен босатылды. Белсенді Ирина Смирнова Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа арнап жазба жариялады. Онда «Бұл балалар мектепте оқи ма?Олар білімге қол жеткізе ала ма? Форумдарды өткізгеніңіз жетеді, балалардың  өміріне назар салыңыз»-деп жазды.    

Қазір бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр.  

Байланысты жаналықтар

Алматыда құрбандық шалуға рұқсат етілген 14 орын бар

26.06.2023

Дінтанушы:  «Саяси элита мешіт арқылы бедел жинағысы келеді»

15.08.2022
MalimBlocks
Алматыда құрбандық шалуға рұқсат етілген 14 орын бар

Құрбан айт мейрамы 28 маусымға, сәрсенбіге түсіп тұр. Сол күн еліміз бойынша демалыс.

Дінтанушы:  «Саяси элита мешіт арқылы бедел жинағысы келеді»

Мешіт салу ғана сауапқа кенелтеді деген дұрыс көзқарас емес