Мұзға айналған жылқылар

Malim Админ

  • 08.12.2020

Павлодар облысындағы көлдердің бірінен мұз болып қатып қалған 26 жылқы табылды.

Полиция жоғалған үйірді іздеу кезінде өлген жануарларды тапқан. Жылқылар Аққулы ауданындағы фермерлердің біріне тиесілі болған екен.

Полиция мәліметінше, ер адам жануарлардың жоғалғаны туралы 4 желтоқсанда хабарлаған.

"Мал иесінің айтуынша, 1 желтоқсанға қараған түні Қазы ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан белгісіз біреулер 26 жылқы ұрлаған. Бірнеше күн бойы ол жоғалған жылқыларды өз бетінше табуға тырысқан, бірақ іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген соң полициядан көмек сұраған", - деді Аққулы ауданының полиция бөлімінің басшысы Тасқын Бодиев.

Оның айтуынша, жоғалған жылқыларды тек аудан полицейлері ғана емес, сонымен қатар шекаралас аймақтар да іздеген. Бірнеше жұмылдыру топтарына бөлінген қызметкерлер жақын маңдағы барлық аумақ пен жайылымдарды тексерген, барлық шаруа қожалығы, мал жайылымдары, фермаларда іздестрілген.

"6 желтоқсанда іздеу нәтижесінде Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінен 26 жылқының сүйегі табылды. Жануарлар мұз болып қатып қалған", - деді Бодиев.

Байланысты жаналықтар

Ақын Тоқтарәлі Таңжарық өлеңдері

01.12.2024
MalimBlocks
Ақын Тоқтарәлі Таңжарық өлеңдері

Тоқтарәлі Таңжарық 1982 жылы ҚХР, Шыңжаң өңірінде дүниеге келген. «Түн парақтары» кітабының авторы. Ақын, журналист. "Дала мен Қала", "Қазақ Әдебиеті" газеттерінде жауапты қызмет атқарған. Қазір "Түркістан" басылымы редакторының орынбасары. Тоқтарәлі «Серпер» жастар сыйлығының иегері. Ақын өлеңдері «Еуропа ақындарының конкурсы» аясында поляк тілінде кітап болып жарық көрген. Тоқтарәлі Таңжарық Польшада өткен конкурсқа бүкіл Орта Азиядан Қазақстан атынан қатысқан бірден-бір ақын.