Оралда қатты жаңбыр жауып, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулаларына су кірген
Орал қаласында жаңбырдың салдарынан қаланың Зачаганск кентіндегі көпқабатты үйлердің және Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың жертөлесін су кірген. Сонымен қатар Казталов, Тасқала, Бәйтерек аудандарында жеке сектордағы тұрғын үйлерді де жаңбыр суы басқан.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб ашылған.
Жертөлелерді су басу және жеке үйлердің аумағын су кіру туралы шағымдармен Орал, Казталов, Тасқала, Бәйтерек аудандары тұрғындарынан барлығы 26 шақыру келіп түсті. Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен және «Батыс Су Арнасы» ЖШС-мен бірлесіп су айдау жұмыстарын жүргізуде,- делінген Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Орал қаласы бойынша электр желісі де үзілген. 16 шілдеге қараған түннен бастап 6434 абонент жарықсыз қалған. Орал әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, күннің екінші жартысында 1500-ден астам абонентке электр жарығы берілген.
– 6 мыңнан астам отбасы жарықсыз қалды. Қазір қала мен облыс бойынша энергетиктердің, ТЖД және су арнасы қызметкерлерінің су айдау және үзілген электр желілерін қалпына келтіру жөніндегі авариялық бригадалары жұмыс істеуде. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «БАТҚАЗ АЭК»ЖШС-нің 32 қызметкері жүргізуде,- деді Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ желілердегі апаттарды жоюға 10 бригада, 2 авариялық бригада жұмыстануда, 38 адам мен 10 техника жұмылдырылған.
Орал қаласы әкімдігінің бүгін, 17 шілде күні жарты сағат бұрын берген мәліметінде, әлі күнге дейін қаланың кей бөлігінде жарық қалпына келтірілмегені айтылған.
– Қазіргі уақытта электр желілерінің үзілуіне байланысты қаланың орталық бөлігінде және Деркөл кентінде 200-ге жуық абонентте электр жарығы жоқ. Тұрғындар тарапынан 40 өтініш келіп түсті. Апаттық жағдайды жою бойынша 8 бригада жұмыс істеуде (32 адам,10 бірлік техника, 6 жерде айырылу бар),- делінген әкімдіктің берген ақпаратында.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді
Алдағы айда өтетін аудан әкімдері сайлауы «Аманат» партиясының берекесін кетіретіндей. Неге десеңіз, қазірдің өзінде «Аманат» партиясының мүшелері сайлаудың әділ болмағына күмән келтіріп жатыр. Жалпы, билік партиясының өкілдері бұрын-соңды сайлауға келгенде әділетсіздік көрмейтін.
Оралда 201 млн теңгеге төселген асфальт неге кесілді?
Орал қаласында Мұхит көшесіне 201 млн-нан астам теңгеге төселген асфальт кесіліп тасталған. Күні кеше төселген асфальттың не үшін кесілгеніне түсінбей дал болған кей тұрғын жергілікті биліктің бұл әрекетіне наразы болған. Олар республикалық «Әділ жолы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысындағы филиалына шағымданған.