Павлодарда зорланған жасөспірім 10-қабаттан секіріп кетті

Денсаулығына қатты зақым келген қызға 4 рет операция жасалды

Malim Админ

  • 16.08.2022

Павлодарда зорланған жасөспірім қыз 10-қабаттан секіріп кетті. Жәбірленуші бала тірі қалды, бірақ денсаулығына айтарлықтай  зақым келген. Келеңсіз оқиғаның мән-жайын #НеМолчиKZ қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«16 жасар қыз бала 10-қабаттағы терезеден секіріп кетті. Ағаштар аман қалуына себеп болған, бірақ оған қатты зақым келді.

Бейтаныс біреулер қыз баланы пәтерге алдап кіргізіп, зорлық көрсеткен. Қорлыққа төзе алмаған ол терезеден секіріп кетті. Ең қиыны, ол қыз жетім. Павлодардағы жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі. Бізге оның жалғыз жақыны – жуырда ғана кәмелетке толған әпкесі хабарласты. Қазір оның құжаттарын тездетіп жәбірленушінің қамқоршысы ретінде рәсімдеу керек», - деп жазды ол.

Анықталғандай, Туған күнге барған қыз отырысты  ұнатпай шығып кеткен. Әпкесінің үйіне бетке алған ар қаланы дұрыс білмегендіктен, адасып кетеді. Жолда кездестірген үш жігітті такси шақырып беретінін айтып, өздерімен бірге жүруін өтінген.

Денсаулығына қатты зақым келген қызға 4 рет операция жасалыпты. Қазір есте сақтау және көру қабілеті нашарлап барады. 

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл іс Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Күдіктілер ұсталып, қамауға алынған. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 120-бабының 3-1-бөлігі, 121-бабының 3-1-бөлігі және 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

01.04.2025

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

01.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

28.03.2025

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

27.03.2025

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

25.03.2025
MalimBlocks
Нығматулиннің ұлына рейдерлік жасады деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды

Павлодар облысында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедектерден тегін қызмет үшін ақша алған

Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схемасы әшкере болды

Қазақстан туын қорлағандарға қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында ер адам әйелін дәрігерден қызғанып, соққыға жыққан

Қызылорда облысында, Тасбөгет кентінде ер адам қызғаныштан жұбайын соққыға жыққан