Полиция бастығы ұлының үйлену тойына қатысты тергеу басталды
Сыйлықтардың арасында бензин құюға арналған талондар да ұтысқа тігілген

Алматы Полиция департаменті қаладағы тойлардың бірінде түсірілген видеоға қатысты тергеуді бастады. Полиция бастығы ұлының үйлену тойы түсірілген видеоны журналист М.Козачков әлеуметтік желіде жариялаған.
Оның пікірінше, жолдаған адам видеода «полиция басшыларының бірінің ұлының үйлену тойы» түсірілгенін жеткізген.
Видеоүзінді тойға қатысушының бірінің инстаграм парақшасындағы Stories-тен алынған. Кадрлардан жиынға келген қонақтың көптігі, эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, сыйлықтар ойнатылғанын көруге болады. Сыйлықтардың арасында бензин құюға арналған талондар да ұтысқа тігілген.
Полиция мәліметінше, қызметтік тексеріс басталған.
Алматы Полиция департаменті автордың айтқан уәждері тағайындалған қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Қызметтік тәртіпті бұзу анықталса полиция қызметкерлеріне қатысты шара қолданылады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Қысым көрсетіліп жатыр». Алматылық ата-аналарға 20 күннен бері балаларын көрсетпепті
Қаңтар оқиғасынан кейін «Қару-жарақ тасымалдады» деп күдікке ілінген Азамат Амангельдиев, Азат Ували мен Дастан Жайылғановтың ата-аналары балаларына тергеу изоляторында қысым көрсетіліп, «өз кінәларын» мойындауға мәжбүр болғаны туралы айтады.