Қаңтар қырғынында қаза болғандарды да «террорист» жасамақ па?

  • 01.03.2022

Қаңтар қырғынында қаза болғандардың бәрі террорист пе сонда? Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры ұсынған мәліметке сүйенсек, осындай қорытынды жасауға болады.

Қор қаңтар оқиғасында қаза болған күштік құрылым қызметкерлерінің отбасына көмек берілетінін мәлімдеді. Жарақат алғандарға да арнайы көмек тағайындалмақ. Сонымен бірге, оқыстан қаза болған және жарақаттанған бейбіт тұрғындарға да жәрдем қарастырылатыны айтылыпты. Қор қаржысынан әр қаза болған сарбаздың немесе қарапайым тұрғынның отбасына 7 миллион теңгеден, ал жарақаттанғандарға 3 миллион теңгеден берілмек.

"Қаңтар оқиғасы кезінде кенеттен қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек беру жөнінде шешім қабылдадық. Біз тиісті органдармен бірлесіп жұмыс істеп, оқыстан қаза болғаны дәлелденгеннен кейін көмек береміз. Тергеу істерін соңына дейін күтпестен, қазір жәрдем беруді шештік", - деді қор төрағасы Болат Жәмішев.

Бәрі дұрыс делік. Бірақ, Қазақстанның адам құқықтары бойынша арнайы өкілі Эльвира Әзімова мен Балалар құқықтары бойынша арнайы өкілі Аружан Саин қаңтар оқиғасында 29 бейбіт тұрғынның оқыс оқ тиіп қаза болғанын айтыпты. Бұған қосымша 3 бала көз жұмған және 4 бала жарақаттанған.

Енді еске салайық, ресми билік Қаңтар оқиғасы кезінде 227 адамның қаза болғанын айтқан. Оның 21-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Демек, қаза болған 206 қарапайым тұрғын қаза тапқан. Дегенмен, қор бұл 206 адамды түгелдей қарапайым тұрғын қатарына қоспай отыр. Бұл 206 адамның 32-сі ғана бейбіт тұрғын болса, қаза болғандардың 174-і «террорист» болғаны. «20 мың террорист кіріп кетті» деп байбалам салған билік соңғы кездері 20 мың терроистер туралы айтуды сиретті. Мықтаса, «оқиға кезінде бәрі ұшаққа мініп, келген жағына кетіп қалыпты», деп, елді бір күлдіріп алады.

Бұған дейін қаза болғандар мен жарақаттанғандарға көмек көрсету бойынша сараптамалық комитеттің мүшесі Қайырбек Сүлейменов қаза болған бейбіт тұрғындар саны 100-ге жуықтайды деген. Ал бүгін бұл сан үш есе қысқарып, 29-ақ адам болып қалыпты. Соған қарағанда, «Қазақстан халқына» қоры «террористерді» қаза болғандар есебінен де көбейткісі келіп отырған сияқты.  

Қаңтар қырғынында қаза болған 227 адамның тізімін ресми билік әлі жариялаған жоқ. Азаматтық белсенділердің ұйымдастыруымен жасалған тізім болмаса, қаза болғандарға эксгумация жасаумен, шерушілерді азаптаумен айналысқан билік асығар емес.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін