Қаржы пирамидаларын жарнамалаған әртістер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Айшолпан КЕРІМ

  • 13.04.2022

Мәжілістің бір топ депутаты қаржы пирамидаларына жарнама жасаған адамдарға қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледі. Бұл заң жобасын мәжіліс депутаттары мамыр айында талқылайтын болады.

Мәжіліс отырысында депутат Юрий Ли , Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі,Бас прокурор, Қаржы мониторингі агенттігі мен ішкі істер министріне қаржы пирамидаларына қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутат 11 сәуірде астанада Mudarabah Capital қаржы пирамидасының салымшыларының бірі өзін-өзі өртеп жібергенін еске салды. 

"Біз қаржы пирамидаларына қарсы күресті күшейту туралы талай рет депутаттық сауал жолдадық. Сол сауалдардың бірінде Mudarabah Capital қаржы пирамидасын жарнамалағандарды жауапкершілікке тарту мәселесіне  баса назар аудардық. Жұлдыздар мен блогерлердің осындай пирамидаларды жарналамауға қатысуын өте ұят және қылмыс деп есептейміз. Қазіргі таңда олардың көбісіне қатысты тергеу жүріп жатыр", - деді депутат Ли. 

Сондай-ақ ол мәжілістің бір топ депутаты қаржы пирамидаларына жарнама жасаған адамдарға қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлегенін айтты. Тиісті процедуралардан кейін, мамыр айында депутаттар заң жобасын қарауға кіріседі. 

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов аталған заң жобасын тез арада қарауды тапсырды. 

"Онда қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін жауапкершілік енгізілуі керек. Әсіресе, вайнерлерге, әртістерге, блогерлерге, қоғамдық пікір лидерлеріне қатысты. Егер олар қаржы пирамидасының алаяқтық мазмұнын түсіне отырып, оны жарнамалайтын болса, олар осы үшін жазалануы керек. Өйткені халық оларға сенеді, ақшасын салады, кейін бар жиған-тергенінен айырылады. Біз мұндай алаяқтардың әрекеті қандай трагедияға әкеп соғатынын көрдік", - деді Қошанов. 

Айта кетейік, 11 сәуірде астанада  Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салым салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жібермек болған еді. Оған жедел көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілгені, өміріне қауіп тұрған жоқ екені айтылды. Mudarabah Capital қаржы пирамидасы 2020 жылы құрылған, оны танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев жарнамалаған. Аталған қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылып, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланған.

Байланысты жаналықтар

ТЕСТ. АБИТУРЕНТ. ШЕКТІ БАЛЛ.

09.06.2023

Ресейден шыққан от Семей орманын жалмады

09.06.2023

«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

08.06.2023

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

08.06.2023

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

07.06.2023

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

31.05.2023
MalimBlocks
ТЕСТ. АБИТУРЕНТ. ШЕКТІ БАЛЛ.

​Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады.

Ресейден шыққан от Семей орманын жалмады

Бүгін Абай облысы Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланғанын Үкімет отырысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.

«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

Сот процесі кезінде Қамабеков ондай қолхатты мүлде жазбағандығын айтып, Жоламановтың сөзін теріске шығарған

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таңертең бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевқа қозғалған қылмыстық іске байланысты хабарлама таратты.

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

Жители Астаны, накануне перекрывшие одну из городских улиц в знак протеста против отключения воды, докричались до самого президента. В среду, 7 июля, Касым-Жомарт Токаев принял акима города Жениса Касымбека.

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

Родители школьников, недовольные увеличением учебного года до 31 мая, не дают покоя министру просвещения Гани Бейсембаеву. Круглые сутки его ведомство мониторит социальные сети, чтобы понять, что делать с переносом последнего звонка дальше.