Қазақстанда 20 жыл "құлдықта болдым" деген ресейлік өтірік айтқан

Қазақстанда мені “күштеп ұстап отыр” деп бейнежазба түсірген ресейлікке қатысты ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады.

Сабира Жанаберген

  • 18.11.2021

Алайда Котов өзін күштеп ұстап отыр деп айыптаған шаруа қожалығының иесіне қарсы арыз жазудан бас тарты.Ол ешкімге ешқандай кінә артпайтынын және бейнежазбаны үйіне қайту үшін жазғанын түсіндірді.

«Аталған бейнежазбаға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, ақпаратты тексеру мақсатында жедел-тергеу тобы оқиға орнына шықты. Полиция қызметкерлерімен Шет ауданында шаруа қожалығының иесі және Котовтың өзі анықталды. Ресей елшілігі өкілдерінің қатысуымен Котовтан жауап алу барысында ол шаруа қожалығының аумағында өз еркімен жұмыс істегені, қолында ұялы телефонының болғаны және кез келген уақытта шаруа қожалығының аумағынан кетіп қалуға мүмкіндігінің болғаны туралы мәлімдеді»,-делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі таңда Алексей Котов Ресейдің Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігінде. Ол Ресейге ұшуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ярославль облысындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Сергей Бабуркин мәлімдеді.

Алексей Котов 1977 жылы Ярославль облысының Гаврилов-Ямский ауданының Горе-Грязь ауылында дүниеге келген. 1997 жылы ол келісімшарт бойынша әскерге кеткен, Қазақстанда әскери борышын өтеген. 1998 жылы мамырда ол үйге қайтуы тиіс болған, бірақ ол келмеген. 1999 жылы ақпанда Котов жақындарына жазған хатында оны ұрып-соққанын, ауруханада емделіп шыққанын хабарлаған. Котов 1999 жылдың шілдесінде байланысқа шығуын тоқтатқан. Бұған дейін Ярославль облысы губернаторының міндетін атқарушы Михаил Евраев Котовқа Отанына оралуға, содан кейін өз-өзіне келуіне және жұмысқа орналасуына көмек көрсететінін айтқан.

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті