Қазақстанда жыл сайын 39 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады

Қазақстанда жылына 39 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығып, соның 14 мыңнан астамы қайтыс болған. Қазіргі таңда онкологиялық есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұр.

Есенжол Елекенов

  • 13.07.2023

Бұл жөнінде Алматыда халықаралық мамандардың қатысуымен өтіп жатқан Best of ASKO Саммитінде Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ басқарма төрайымы, Қазақстан онкологтар қауымдастығының президенті Диляра Қайдарова айтты.

Оның сөзінше, онкологиялық ауруға шалдығатындардың 90 пайызы ер азаматтар.

Қазақстан онкологиялық аурулар бойынша әлемде 54 орында тұр. Ал өлім-жітімде үшінші орында. Онкологиялық ауруға шалдығатындар жыл сайын көбейіп жатыр,- дейді Диляра Қайдарова.

Онының айтуынша, онкологиялық сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында – сүт безі обыры, екінші орында – өкпе обыры, үшінші орында – колоректальды обыр, төртінші орында – асқазан обыры тұр. 

Ал өлімге әкеп соғатындардың ішінде  бірінші орында – өкпе обыры, екінші орында – асқазан обыры, үшінші орында – колоректальды обыр, және төртінші орында – сүт безі обыры тұр,- дейді онколог.

Өткен жылмен салыстырғанда республика бойынша қатерлі ісікке шалдыққандар 4,7%-ға өскен.

– Қазіргі уақытта қатерлі ісік ауруын ерте анықтау 29 пайызды құрайды. Яғни, әрбір үшінші науқас бізге 0 және 1 обырдың сатыларымен келеді, бұл жалпы бізді қуантады. Жақсы көрсеткіш – онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің төмендеуі. Сонымен қатар, бес жылдық өмір сүру көрсеткіші жақсарды. Қазір диспансерлік есепте 200 мыңнан астам онкологиялық науқас болса, олардың 55 пайызы 5 жыл және одан да көп өмір сүруде. Бұл жақсы көрсеткіш. Дегенмен, барлық өңірлерде онкологиялық аурулардың саны артқан. Мысалы, 2018 жылы бізде 32 мыңға жуық жаңа қатерлі ісік ауруы анықталса, жарты жылдың өзінде онкологиямен 39 мың жаңа жағдай тіркелді,- деді Диляра Қайдарова. Саммитке қатысушылар қатерлі ісіктің алдын алуда Қазақстанда атқарылған істер мен атқарылуы тиіс шараларды, сондай-ақ, әлемдегі озық тәжірибелерді ортаға салып, біліктілік алмасады. 

Байланысты жаналықтар

ДСМ онкологиялық ұйымдардың 30 миллиард теңгеден астам негізсіз пайда алғанын мәлімдеді

09.06.2024

Енді онкология мен туберкулезді ерте анықтаған дәрігерлерге сыйақы төленеді

05.06.2024

Айнаға қарау қиындап кетті - сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандардың хикаясы

07.12.2021

Халық “онкология” деген сөзден қатты қорқады - онколог-дәрігер қатерлі ісік жайлы

16.11.2021

Үкімет ай қарап отыр ма: 187 мың науқастың көз жасы

29.07.2020
MalimBlocks
ДСМ онкологиялық ұйымдардың 30 миллиард теңгеден астам негізсіз пайда алғанын мәлімдеді

Анықталған заңсыздықтар бойынша 6 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 2-і атқаратын лауазымдарынан босатуға ұсынылған.

Енді онкология мен туберкулезді ерте анықтаған дәрігерлерге сыйақы төленеді

Науқасқа онкологиялық ауру немесе туберкулез белгілері диагнозы қойылған кезде учаскелік дәрігерлер 18 460 теңге мөлшерінде қосымша төлем алатын болады

Айнаға қарау қиындап кетті - сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандардың хикаясы

Халық “онкология” деген сөзден қатты қорқады - онколог-дәрігер қатерлі ісік жайлы

Үкімет ай қарап отыр ма: 187 мың науқастың көз жасы