Қазақстандықтар бір айда 11 млрд кредит алған

Жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0%-ға өсті

Malim Админ

  • 30.05.2022

Елімізде кредитке ақша  алған азаматтар көп. Ұлттық банктің дерегінше,  қазақстандықтар  11 383,4 млрд теңгеге дейін несие рәсімдеген.  Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,9%-ға ұлғайып, 2022 жылғы сәуірдің соңында 19 399,5 млрд теңге болған. Сондай-ақ, Ұлттық валютадағы кредиттер мөлшері бір айда 17 637,6 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0%-ға өсті.

Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 762,0 млрд теңгеге дейін 5,6%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредит 5,6%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредит 11,9%-ға төмендеді. 2022 жылғы сәуірдің соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,9% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды», - делінген Ұлттық банктің сәуір айындағы статистикасында.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 047,4 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 352,2 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға өскен.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу биылғы сәуірде 4 039,8 млрд теңгеге дейін 10,9%-ға төмендеді. Өткен айда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,2%, жеке тұлғаларға – 17,3%  болды.

Байланысты жаналықтар

Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20.05.2025

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

07.05.2025

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

05.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025

Елімізде несие алуы қиындай түспек

30.04.2025

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды

28.04.2025
MalimBlocks
Түркістан халқының 90 пайызға жуығы газбен қамтылады

20 мыңға жуық әскери қызметшінің несиелері кейінге шегерілді

Кейінге қалдырылған қарыздардың жалпы сомасы 7,5 млрд

Елімізде адамдарға несие беруді қатаңдату ұсынылды

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс

Елімізде несие алуы қиындай түспек

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігіне берілетін болды